Алакөл ауданы Бескөл ауылдық округі Бұлақты ауылдық Мәдениет үйінде Теміржолшылар күніне арналған «Болаттай берік теміржолшылар» атты мерекелік іс-шара өтті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Салтанатты жиынға теміржол саласының ардагерлері, қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен қонақтар қатысты.
Жиын барысында Бескөл ауылдық округінің әкімі құттықтау сөз сөйлеп, теміржол саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды марапаттады. Сондай-ақ Бескөл бекетінің бастығы Асан Есенбеков құттықтау лебіздерін білдіріп, теміржолшылардың ел экономикасы мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбегіне жоғары баға берді.
Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасты. Көрермендерге әншілер мен би ұжымдарының орындауындағы патриоттық әндер мен ұлттық билер ұсынылып, ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.





