Талдықорған: +35°C
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қаланың қанатты тұрғындары

02.08.2026
КҮНДЕРЕК
Қаланың қанатты тұрғындары
WhatsAppTelegramFacebook

Құрбым екеуміздің әңгімемізде арагідік қоғамдағы түрлі құбылыс сөз болады. Кейде кітап жайын талқылаймыз, кейде күнделікті өмірде көзге үйреншікті болып кеткен көріністердің мәніне үңілеміз. Сондай әңгімелердің бірінде көгершін туралы сөз қозғалды. «Еуропаның кейбір елдерінде көгершіндерді «ұшатын егеуқұйрықтар» деп атайды екен», – деді ол.

Алғашында оның сөзіне таңғалдым. Себебі біздің санамызда көгершін – бейбітшіліктің, мейірімнің, тазалықтың символы. Ақындар жырына арқау болған, суретшілер туындысына өзек болған құстың мұндай атауға ие болуы көңілге қонбады. Алайда уақыт өте келе бұл ойдың астарында белгілі бір шындық жатқанын аңғардым.

Оған себеп, күн сайын көз алдымда қайталанатын бір көрініс. Бесінші қабаттағы пәтерімнің терезесінен сыртқа көз салсам, біздің үйдің шатыры қысы-жазы көгершінге толы. Таң бозынан гуілдеген үні естіледі. Кеш түскенде де сол көрініс қайталанады. Аптап ыстықта да, қақаған аязда да олар шатырдан бір елі ажырамайды. Балконға түскен қауырсындары мен құс саңғырығы да күнделікті тіршіліктің бір бөлшегіне айналған. Бұл көріністі тек өз үйімнің маңынан ғана емес, Талдықорған қаласының әртүрлі шағынауданынан да жиі байқаймын. Көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларында үйір-үйір болып қонған көгершіндер, саябақтарда оларға жем шашып жүрген тұрғындар, жанында ашық тұрған қоқыс контейнерлері… Мұның бәрі бір-бірімен байланыссыз көрінгенімен, шын мәнінде бір тізбектің буындары секілді. Сонда ойға сан түрлі сұрақ келеді. Неліктен көгершіндер дәл шатырларды мекендейді? Олар неге басқа құстар секілді жылы жаққа ұшпайды? Қалаға қалай бейімделді? Адам денсаулығына зияны бар ма? Ең бастысы, біз күн сайын көріп жүрген бұл құстар туралы қаншалықты білеміз? Осы сұрақтардың жауабын іздей бастағанда, көгершіндердің тағдыры қала тіршілігімен тығыз байланысты екенін түсіндім.

Ғалымдардың пайымдауынша, қазіргі қалалық көгершіндердің арғы тегі жартастарды мекендеген жабайы көгершіндер екен. Адам оларды мыңдаған жыл бұрын қолға үйретіп, хат тасуға, хабар жеткізуге пайдаланған. Бір кездері соғыс даласында маңызды ақпарат жеткізген, адамдарды байланыстырып тұрған құстар бүгінде көпқабатты үйлердің шатырларын мекендейді. Яғни, қазіргі биік ғимараттар мен шатырлар көгершіндер үшін ежелгі жартастардың орнын басқан. Сондықтан олардың қалада өмір сүруі табиғи бейімделудің заңды көрінісі десек болады.

Дегенмен мәселе олардың қалаға бейімделгенінде емес, көгершіндер санының жылдан-жылға артуында болып отыр. Табиғаттың бұл өзгерісі кездейсоқ емес. Себебі кез келген тіршілік иесі қорек мол, қауіпсіз ортада көбейеді. Қазіргі қалалар көгершіндер үшін дәл сондай орта қалыптастырғандай.

Біз көгершіндерді алаңдарда жем шоқып жүргенде ғана көреміз, ал негізгі тіршілігі көзден таса өтеді. Шатырларда, техникалық қабаттарда, ескі ғимараттардың қуыстарында. Олардың нақты саны қанша екенін де ешкім дөп басып дәл айта алмайды. Көптеген мемлекетте көгершіндердің шамадан тыс көбеюі санитарлық әрі экологиялық мәселе ретінде қарастырылып отыр. Ғылыми зерттеулерде көгершіндердің орнитоз, сальмонеллез, листериоз сияқты бірқатар жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын тасымалдауы мүмкін екені айтылады. Әсіресе олардың саңғырығы уақытылы тазаланбаса, адам денсаулығына қауіп төндіруі ықтимал. Бірақ мамандар мәселенің шешімі құстарды жоюда емес, санитарлық талаптарды күшейту мен қаланың тазалығын сақтауда екенін алға тартады.

Шын мәнінде, көгершіндердің көбеюіне кінәлі табиғат емес. Табиғат тек адам жасаған ортаға бейімделеді. Қоқысты ретсіз тастайтын, контейнерлерді ашық қалдыратын, көшенің тазалығына салғырт қарайтын – адам. Ал көгершіндер сол ортаны жай ғана пайдаланып отыр. Сондықтан мәселені тек құстардан іздеу салдармен күресу ғана. Оның түпкі себебі қалалық мәдениетте, экологиялық жауапкершілікте, ортақ кеңістікке деген көзқараста жатыр. Егер біз өмір сүріп отырған ортаның тазалығына бейжай қарасақ, табиғат міндетті түрде соған бейімделеді. Ал оның салдарын тағы да өзіміз көреміз.

Бәлкім, «қанатты тұрғындардың» көбейгені табиғаттың бізге үнсіз берген белгісі болар. Бұл белгі бізге құстар туралы емес, өзіміз туралы көбірек ойлануды меңзейтіндей. Өйткені қаланың келбеті сәулетті ғимараттармен ғана емес, тазалығымен, экологиялық мәдениетімен және тұрғындарының жауапкершілігімен өлшенеді. Біз көгершіндерді кінәлаймыз. Бірақ олар адам қалыптастырған ортада ғана өмір сүруде. Ендеше мәселе көгершінде ме, әлде біз қалыптастырған қала мәдениетінде ме? Бұл жайлы сіз не дейсіз, оқырман?!

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Алғашқы алтын

Алғашқы алтын

02.08.2026
Жастарға серпін берген

Жастарға серпін берген

02.08.2026
Құрылтай – ұлтты ұйыстыратын ұлы дәстүр

Құрылтай – ұлтты ұйыстыратын ұлы дәстүр

02.08.2026
Қыз қадірі қай деңгейде?

Қыз қадірі қай деңгейде?

02.08.2026
Қаланың қанатты тұрғындары

Қаланың қанатты тұрғындары

02.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.