Талдықорған: +33°C
$ 490.21
€ 566.93
₽ 6.81
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚАЛТАФОН ТУДЫРҒАН ҚАТЕР

21.12.2024
КҮЛТӨБЕ
ҚАЛТАФОН ТУДЫРҒАН ҚАТЕР
WhatsAppTelegramFacebook

Сенесіз бе, сенбейсіз бе? Жер шарындағы пенде біткеннің уақытын ұрлап жатыр. Кім? Ондай құдірет кімге дарыпты? Бұйым ұрлауы мүмкін. Затты қолды қылуы тағы мүмкін. Бірақ уақытты кім және қалай ұрлайды? Орынды сұрақ. Бірақ ұрлап жатыр. Тонап жатыр. Тоң-теріс қарамаңыз, сіздің де, біздің де, оның да уақыты қолды болуда. Кім деріңіз бар ма?! Қалтафон, яғни телефон! Оның алдында заң да, сот та қауқарсыз. Ал адам қамсыз.


Статистикаға сүйенсек, күніне әрбір адам 12-14 сағатын смартфонға ұрлатады екен. Орта есеппен бір тәуліктегі 24 сағаттың 16-сы қолды болады. Бетперде кимей-ақ, қолына тапанша алмай-ақ, қорқытпай, зорлық-зомбылық қылмай-ақ тоналып жатырмыз. Кім кінәлі? Қылмыс істемесе де «ұрлық қылған смартфон емес», кінәлі өзіміз! 

Бір күніңізге бажайлап қараңызшы. Таңертең ұйқыдан ояна салып телефонға үңілдіңіз. Tik-tok, instagram, facebook атаулыны ақтарып жатып бірер сағаттың қалай өткенін аңғармадыңыз. Сосын еріне тұрып, жуынып-шайынып жұмысқа аттандыңыз. Жолда да телефонға «төселе» салдыңыз. Жұмысқа жеткеніңіз сол еді, басшылықтың тапсырмасын тыңдау үшін мессенджерге тағы үңілдіңіз. Бұйрық һәм тапсырманы қабылдап алғанмен қамсыз отырып желіге абайсыз тағы желкен кердіңіз. Түс болды. Әріптес не доспен түскі ас ішуіңіз керек. Қасық бір қолда, екіншісінде – қалтафон. Түстен кейін жұмыс тағы қызды. Жұмыс арасында достардың хатын тыңдау үшін тағы смартфон шолдыңыз. Кеш түсті. Жұмыс аяқталды. Үйге қайтып бара жатып телефон ішін бір шарлап шықтыңыз. Кешкі асқа отырғанда да телефонсыз ас батпады. Ауқаттанып алған соң төсекке қисайып, желілерге тағы жегілдіңіз. Түнгі 1.30 қызық видеодан ажырағыңыз келмей ұзақ жатып, 3.30 да өз-өзіңізді мәжбүрлеп ұйқыға әрең берілдіңіз. Бұл – қарапайым адамның бір күніндегі жағдай. Ұйқыда телефон өшпесе, қалған уақытта дененің бір мүшесіндей айырылғыңыз келмейді. 

Смартфонның зияны туралы естігенде жағаңызды ұстадыңыз ба? Қазір не көп, дерт көп. Талай індеген індеттер көзге көрінбес толқын арқылы пайда болады екен. Әсіресе, қатерлі ісік телефон таратқан толқыннан ұшынады дейді ғалымдар. «Өмірде бәрі зиян. Зияннан безіп өмір сүрмес ешкім» деген ишара да білдірерсіз. Уәж орынды. Бірақ, «Сақтансаң, сақтаймын» деген Құдай сөзін қайда қоймақпыз?! Мақұл, телефон толқынынан үрікпедіңіз. Бірақ, санитарлық талапты сақтап жатырсыз ба? Жалпы, телефоныңызды қашан жудыңыз? О, тоба, о заманда, бұ заман қалтафонды кім жуыпты! Дұрыс, оны ешкім жумайды. Бірақ, бактерия атаулының ошағы сол құрылғы. Дәлелдеп бағайық, телефонсыз уақыт өткізбейді қазіргі адам. Ас ішсе де, серуендесе де, спортпен шұғылданса да, тіпті әжетханаға (дәретхана емес) барса да смартфонын бір елі ұзатпайды жанынан. Әжетханаға телефонын алып барған кісі қажеттілік орнынан шыққан соң міндетті қолын жуып-шаяды. Бірақ, смартфонды емес. Қолдағы сабыннан өлген бактерия қалай болғанда да телефонда қалды. Әжетханадан шыққан адам ас ішуге отырды. Қол жуылған, бірақ смартфон жуылмады емес пе? Енді қалтафонды зиян демей көр!

Бажайлап қараңызшы, балаңыздың жады қалай? Бірер күн бұрын айтқан әңгімеңізді қайта сұраңыз. Ұмытпап па? Қазір шынында құймақұлақтар азайып барады. Бала түгіл ересектің жады төмендеуде. Бүгін айтқан дүние ертең жоқ. Бәлки, ақпарат тасқынынан, бәлки жаңашылдықтан көріп ақталармыз. Қазақ әу баста тарихын жазбаған жұрт. Өткенін тасқа емес, баласының жадына тоқыған. Содан болар, қазақта ауыз әдебиеті деген бар. Өзге жұртта да бар дүниені жаңалық қылып отырғанымыз жоқ. Қазекемнің арғы атасы сақ пен скиф, сармат пен ғұндар том-том кітапқа арқау болар жыр мен дастанды, хикаяларды баласына жаттатып жүргенде біздің заманымызға дейін VIII-VII ғасырда өмір сүрген гректердің «көкесі» Гомер «Иллиада» мен «Одиссейін» қағазға түсіріпті. Өйткені, әлемдегі көп ұлттың ауыз әдебиеті мақал мен мәтел, афоризм жаттатудан тұрады. Гомердің сол қос туындысы «Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Тарғын» сынды эпостық жырлардың көлеңкесінде қалады. Дейтұрғанмен, бұл жырлар бізге ми қатпарында сақталып жетті. Құрманғазы, Қорқыт бабаларды білмейтін қазақ жоқ. Олар қағазға түскен нота қалыптаспаған дәуірде талай жанның жанын тебірентер, жүрегін дір еткізер күй жазды. Екеуі де бірде бір туындысын қағазға түсірмепті жарықтықтар. Олар шерткен ұлы өнер алты Алаштың мида сақтау қабілетімен бізге дейін жетті. Ал, біз құдды Габриэль Гарсия Маркес суреттеген («Жүз жылдық жалғыздық» романы) Макондоны құрған Буэндиа әулеті сықылды ұмытшақ ауруға душар болудамыз. Оған да түрткі смартфон. Таңданбаңыз. Таңғалмаңыз. Соңғы рет төрт не бес таңбалы сандарды қосып не көбейттіңіз. Мәселен, 4869-ға 9217-ні қосыңызшы. Дереу қалтафонға жармастыңыз. Ондағы есептеуіш құралды ашып, айтылған санды сонда тердіңіз. Оңай, жадыңызды жаңылдырғаннан ғылымның жетістігін пайдаланудан асқан не бар?! Мақұл, екінші мысал, ахеменидтер династиясының соңғы билеушісі Дарий ІІІ мен Іскендір Зұлқарнайынның Гавгамелдегі шайқасы қай жылы болды? Бұл жолы да алғашқы қарекетті қайталап, «Гугл әжейден» кеңес сұрадыңыз. Қаныңызда бар жыр мен дастанды, шежіре мен батырлар хикаясын мида сақтау қабілетін әуелі сіз, сосын сіздің балаңыз жоғалтып жатыр. Құймақұлақтықтан ақпақұлақтық дәуірге қадам басудамыз.

Ғылымның адамзатқа қызмет қылғаны жақсы. Бірақ, оның зиянын шекпеуі керек. Ғылым мен ғаламда «ұлы үдеріс» әкелген Роберт Оппенгеймер: «Мен өлім болдым, дүниені бүлдірген» деп күйінген дейді өмірінің соңында. Өйткені, ғылымды адамзатқа қауіп әкелген жаппай қырып-жою қаруын жасауға бағыттады. Смартфонды жасағандар мұндай сөзді айтпайды. Себебі, әр адам үшін қалтафонды қажеттілікке ғана қолдану пайдалы, құныға пайдалану зиян.

Мағмар МАҚСЫМ

Қатысты жаңалықтар

Бірлікті нығайтқан өнер

Бірлікті нығайтқан өнер

10.06.2026
Елімізде жаңа өнеркәсіп пен туристік жобалар іске қосылады

Елімізде жаңа өнеркәсіп пен туристік жобалар іске қосылады

10.06.2026
Болашақ су мамандарына 750-ден астам грант бөлінді

Болашақ су мамандарына 750-ден астам грант бөлінді

10.06.2026
Сөз – ойдың киімі

Сөз – ойдың киімі

10.06.2026
Текеліде есірткі жарнамалайтын ондаған граффити өшірілді

Текеліде есірткі жарнамалайтын ондаған граффити өшірілді

10.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.