Талдықорған: +35°C
$ 471.98
€ 543.39
₽ 5.82
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін несие беріледі

05.08.2026
КҮНДЕРЕК
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін несие беріледі

7-su.kz/Мәулен Әнербай

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында мал басының саны артып келе жатқанымен, өнімділікті арттыру үшін малдың сапасына, яғни асыл тұқымды шаруашылыққа басымдық беру қажеттілігі туындап отыр. Биылғы жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша өңірдегі жалпы мал саны 7,9 пайызға өсіп, 2,9 миллион басқа жетті. Алайда, облыстағы ірі қара малдың тек 11,4 пайызы, ал ұсақ малдың 10,7 пайызы ғана асыл тұқымды саналады. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жаңа несиелік бағдарламалар таныстырылды.

Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Мұрат Тілеубаевтың айтуынша, қазіргі уақытта «Игілік», «Береке» және «Жайлау» бағдарламалары аясында Аграрлық несие корпорациясы және «Береке банкпен» бірлескен жұмыстар атқарылуда.

«Бүгінгі таңда 28 шаруашылық осы бағдарламаларға қатысуға ниет білдіріп отыр. Біздің жоспарымыз бойынша 6720 аналық ірі қара, 6550 бас қой және 1000 бас жылқы сатып алынады. Оның ішінде шетелден келетін мал басына басымдық беріледі», – деп атап өтті Мурат Михаилұлы.

Бағдарламалардың басты ерекшелігі – жылдық сыйақы мөлшерлемесінің төмендігінде. Фермерлер 6 пайыздық мөлшерлемемен 7 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге несие ала алады. Негізгі талаптар ретінде ветеринарлық есептік нөмірдің, қажетті жайылымдық жердің және кепілге қойылатын мүліктің болуы бекітілген.

«Игілік» бағдарламасы шетелден 100-ден 500 басқа дейін ірі қара немесе 500-ден 1000 басқа дейін ұсақ мал сатып алуды көздейді. Ал «Береке» бағдарламасы ауқымдырақ жобаларды қаржыландыруға бағытталған. Ол бойынша несие сомасы 5 миллиард теңгеге дейін жетеді.

Bereke Bank филиалының өкілі Бақытжан Бахқожа  несиелендіру үдерісі мен мал сатып алу бағаларына тоқталды:

«Біз шаруалардың өтінімдерін белсенді түрде қарастырудамыз. Мысалы, «Бай-Сам-Агро» ЖШС Дания мен Германиядан 300 бас сүтті бағыттағы мал сатып алу үшін 470 миллион теңгеге өтінім берді. Мал бағасына келер болсақ, импорттық ірі қараның құны етті бағытта 1,7 миллион, ал сүтті бағытта 2,1 миллион теңгеге дейін бағаланып отыр», – деді ол.

Егер шаруаға тек мал сатып алу ғана емес, сонымен қатар жаңа база салу немесе жайылымды жабдықтау қажет болса, «Жайлау» бағдарламасы таптырмас мүмкіндік. Бұл бағыт бойынша несие 10 жылға беріледі және алғашқы 24 айда негізгі қарызды төлеуге жеңілдік қарастырылған.

«Аграрлық несие корпорациясы» филиалының бөлім бастығы Ұлан Күздеубаев :

«Жайлау» арқылы тек мал ғана емес, мобильді вагондар, күн панельдері, интернет жабдықтары мен жайылымдарды қоршауға қажетті құралдарды да сатып алуға болады. Ірі қара фермасын құруға 350 миллион теңгеге дейін, ал ұсақ мал шаруашылығына 200 миллион теңгеге дейін лимит қарастырылған. Ең бастысы, шаруаның жобалық-сметалық құжаттамасы дайын болуы шарт», – деп бағдарламаның техникалық мүмкіндіктерін түсіндірді.

Мал шаруашылығымен айналысатын азаматтар үшін тағы бір жағымды жаңалық – субсидия көлемінің артуы. Ауыл шаруашылығы министрлігі импорттық малдың шығындарын өтеу мақсатында төлемдерді едәуір ұлғайтқан. Енді сүтті бағыттағы ірі қараның әр басына 700 мың теңгеге дейін, етті бағытқа 525 мың теңгеге дейін субсидия беріледі. Ал ұсақ мал бойынша аналық басына 52 мың теңге, қошқарларға 260 мың теңге қайтарылады.

Қазіргі таңда облыс бойынша Ақсу, Қаратал, Көксу аудандарының шаруалары белсенділік танытуда. Дегенмен, Кербұлақ және Панфилов аудандарында фермерлерді тарту жұмыстары әлі де баяу. Мамандар аталған бағдарламалардың өңірдегі асыл тұқымды мал үлесін арттырып, облыстың экспорттық әлеуетін нығайтатынына сенімді. Шаруалар үшін барлық қажетті ақпарат пен шетелдік жеткізушілердің байланыс деректері аудандық әкімдіктерге жолданған.

Мәулен Әнербай

 

Қатысты жаңалықтар

Алакөл медицинасына заманауи тәсіл енгізілді

Алакөл медицинасына заманауи тәсіл енгізілді

05.08.2026
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін несие беріледі

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін несие беріледі

05.08.2026
Алаяқтардың жаңа айласы

Алаяқтардың жаңа айласы

05.08.2026
Мәселелердің тіні тарқады

Мәселелердің тіні тарқады

05.08.2026
Талдықорғанда «Al-Farabi STEM Academy» бастауыш мектебі ашылды

«Мектепке жол». 16 750 баланың тізімі жасалды

05.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.