Талдықорған: +21°C
$ 466.08
€ 538.56
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Африкалық түйеқұс Талдықорғанда

11.08.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Африкалық түйеқұс Талдықорғанда
WhatsAppTelegramFacebook

Жер бетіндегі ең ірі ұша алмайтын құстың бірі – африкалық түйеқұс. Биіктігі 2,7 метрге дейін жететін, салмағы 150 келі тартатын бұл алып құс өзінің жаратылысымен ерекше. Біз осы ретте аталған құсты өңірге алып келген кәсіпкер Сергей Рашевскийдің қоражайына арнайы бардық. Кәсіпкердің жұмысымен таныстық.

ынатын өнімнің бәрін кәдеге жаратып келген. Африка тұрғындары жұмыртқасының қалың қабығынан су сақтайтын ыдыстар жасаса, Еуропа шеберлері оны сәндік бұйымдар мен кәдесыйларға айналдырған. Ал қауырсыны желпуіш, сәндік әшекей және әйелдердің баскиімін безендіруге пайдаланылған. Бір кездері қауырсынға деген жоғары сұраныс түйеқұстардың жойылып кету қаупін тудырғаны да тарихтан белгілі. Олардың санын сақтап қалуға алғашқы арнайы фермалардың ашылуы себеп болды.

Бүгінде түйеқұс әлемнің 50-ден астам елінде өсіріледі. Оның ішінде климаты қатал өңірлер де бар. Соңғы жылдары Қазақстанда да ауыл шаруашылығының бұл бағытына қызығушылық артып келеді.

Жеке кәсіпкер Сергей Рашевскийдің «Хороший фермер» атты шаруашылығы Қаратал өзенінің жағасында, «Шайқорған» саяжай алабының сыртында орналасқан. Мұнда әзірге тың бағыттың алғашқы қадамдары жасалып жатыр. Кең қоршауда екі айлық африкалық екі түйеқұс балапаны еркін жүр. Қазір олардың жынысын анықтау мүмкін емес. Мамандардың айтуынша, бұл тек бір жарым жасқа толғанда белгілі болады.

Кәсіпкер бүгінде әлеуметтік желідегі достарынан балапандарға ат қою жөнінде ұсыныстар қабылдап жатыр. Ал қос түйеқұс алғашқы күннен-ақ келушілердің сүйіктісіне айналған. Өте әуесқой әрі жуас құстар адамнан именбейді, камера алдында еркін қозғалып, тіпті сұхбат кезінде журналистің микрофонын шұқып көруге дейін барады.

Сергей Рашевский қаладағы Ушинский атындағы орта мектепті тамамдап, кейін аспаз-кондитер мамандығын үздік бітірген. Екі жыл мамандығы бойынша еңбек етіп, әскери борышын өтеген соң пластик өндірісінде жұмыс істейді. Кейін жеке кәсібін бастап, пластикалық терезе шығаратын цех ашады. Бұл саламен айналысқанына бүгінде 14 жыл болған.

– Кейін көршілес саяжай учаскесін сатып алып, құс өсіруді қолға алдым. Алғашында жұмыртқалайтын тауық пен бройлер өсірдік. Біртіндеп ет бағытындағы құстарға басымдық бердік. Жүз бастан басталған шаруашылық бүгінде көлемі шамамен екі жүз шаршы метр болатын құс қорасына айналды. Қазір мұнда екі жарым мың басқа дейін құс ұстауға мүмкіндік бар, – дейді кәсіпкер.

Сергейдің құс шаруашылығы бойынша арнайы білімі жоқ. Дегенмен ол бұл істің қыр-сырын өз бетінше меңгерген. Әсіресе кеңестік кезеңде жарық көрген арнайы әдебиеттерді оқып, Қазақстан мен Ресейдегі әріптестерімен тәжірибе алмасып келеді. Үнемі ізденіс үстінде жүріп, құс өсіру технологиясын жетілдіруді тоқтатпаған.
Қазір шаруашылықтың негізгі ұстанымы – ет бағытындағы бройлер құстарын өсіру. Соңғы 2 жыл ішінде өндіріс көлемі тұрақтанып, өнім өткізудің сенімді арналары қалыптасқан. Бүгінде фермада шамамен 1200 бас құс бар. Жуырда ғана тұтынушыларға мың бас бройлер жөнелтілген. Өнімдер негізінен интернет арқылы және қалалық коммуналдық нарықта сатылады.

Кәсіпкердің айтуынша, мұндай бизнестің табысты болуы өндіріс көлеміне тікелей байланысты.

– Шаруашылық шынымен табысты болуы үшін кем дегенде мың бас құс ұстау қажет. Тәуекел де аз емес. Ауру-сырқау, әлсіз балапан, құстың қырылуы, жыртқыштардың шабуылы кездеседі. Бір кездері фермаға ақкіс түсіп, қысқа уақыттың ішінде бірнеше құсты қырып кеткен жағдай болды, – дейді ол.
Күнделікті тынымсыз еңбекпен қатар Сергей шаруашылықты кеңейту жоспарын да жасап қойған. Алдағы уақытта эму түйеқұстарын өсірмекші. Ол үшін арнайы жылы әрі кең қоражайлар салу керек. Қажетті жағдай жасалса, бұл құстар жыл бойына дерлік жұмыртқалай алады. Қазір олардың жұмыртқалау кезеңі мамырдан қыркүйекке дейін созылады. Осы уақыт аралығында бір аналық құс 40-60 жұмыртқа бере алады екен.

– Жастарға айтарым, еңбектен қорықпау керек. Ең алдымен адам өз күшіне сенгені жөн. Қазақстанда еңбек етемін деген адамға жер де, мүмкіндік те жеткілікті. Телефонға телміріп отыру ештеңе шешпейді. Тек ниет болса, кез келген мәселенің шешімі табылады, – дейді кәсіпкер.

Оның жұмыс күні таңғы сағат төртте басталып, түнгі он бірден кейін ғана аяқталады. Негізгі кәсібінен бөлек бос уақытының басым бөлігін ферма жұмысы алады. Соған қарамастан кәсіпкер бұл бағыттың болашағына сенімді.

Мамандардың айтуынша, түйеқұс еті диеталық өнім саналады. Дәмі жас бұзау етіне ұқсайды. Өңірде бұл өнім әзірге кең таралмағанымен Алматы қаласындағы бірқатар мейрамханалар тарапынан қызығушылық байқалып отыр.

Сергей Рашевскийдің айтуынша, түйеқұстардың иммунитеті мықты, жергілікті климатқа тез бейімделеді және аса күрделі күтімді қажет етпейді. Ересек құс тәулігіне шамамен екі келі құрғақ жем жегенімен суға сұранысы жоғары. Бір құс күніне 50 литрге дейін су ішеді.

Қаратал жағасындағы шағын ферма иелері әзірге алғашқы қадамдарын ғана жасап жатыр. Алайда бұл бастама өңірдегі ауыл шаруашылығының жаңа бағытына жол ашуы мүмкін. Рашевскийлер отбасы ерекше шаруашылықты дамытып қана қоймай, табандылық пен ізденістің арқасында кез келген батыл идеяны табысты кәсіпке айналдыруға болатынын көрсетіп отыр.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды

Кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды

11.08.2026
Бабалар рухы кернеп тұр

Ел дамуының жаңа белесі

11.08.2026
Абай мұрасы – ұлт руханиятының темірқазығы

Абай мұрасы – ұлт руханиятының темірқазығы

11.08.2026
Құжат рәсімдеуде нені ескеру қажет?

Құжат рәсімдеуде нені ескеру қажет?

11.08.2026
Ыстанбұл төріндегі Абай тағылымы

Ыстанбұл төріндегі Абай тағылымы

11.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.