Талдықорған: +29°C
$ 465.19
€ 536.55
₽ 5.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Дала төсінде қалған із

13.08.2026
КҮНДЕРЕК
Дала төсінде қалған із
WhatsAppTelegramFacebook

Ауылдың тыныс-тіршілігін еңбек адамынсыз елестету мүмкін емес. Жердің берекесі де, елдің ырысы да маңдай термен келеді. Әсіресе ауыл шаруашылығында еңбек еткен адамның әр күні табиғатпен, жермен, уақытпен есептесіп өтеді. Бір маусымның нәтижесі бір жылдың еңбегін көрсетсе, бір адамның кәсіби жолы оның тұтас ғұмырына өлшем болады. Саналы ғұмырын ауыл шаруашылығына арнаған азаматтың бірі – Алакөл ауданының тумасы Амантай Иманқұлов.

Оның еңбек жолы қарапайым механизаторлықтан басталды. Кейін жоғары білім алып, агроном мамандығын меңгерді. Кәсіби тәжірибесі толысып, бас агроном қызметін атқарды. Яғни өмір жолы бір қызметтен екінші қызметке ауысқан жылдар ғана емес, еңбекпен шыңдалып, біліммен бекіген кәсіби қалыптасу жолы болды.

1956 жылдың 7 шілдесінде Коммунизм ауылында дүниеге келіп, еңбек қадірін білетін отбасында тәрбиеленген кейіпкеріміздің әкесі Әділбек соғыс жылдарының ауыртпалығын бастан өткеріп, елге оралған соң ауыл шаруашылығы саласына араласып, бірнеше ұжымшарды басқарыпты. Ал анасы Биғайша Тоқтабаева шаңырақтың берекесін сақтап, бар ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған. Осындай ортада өскен Амантай Әділбекұлы үшін еңбек ұғымы бала кезден таныс болды. Әкесінің ауыл алдындағы жауапкершілігін көріп, қарапайым еңбектің қадірін түсініп өсті. Сондықтан оның кейінгі өмір жолының ауыл шаруашылығымен сабақтасуы кездейсоқ емес еді.

1973 жылы М. Төлебаев атындағы орта мектепті тамамдаған соң жас жігіт туған жерінде еңбек етуге кірісті. Коммунизм кеңшарында механизатор болып жұмыс істеді. Бұл – оның еңбек жолындағы алғашқы қадам болғанымен өмірлік мектебінің ең маңызды кезеңдерінің бірі болатын. Механизаторлық оған ауыл шаруашылығының тынысын ішінен тануға мүмкіндік берді. Даладағы жұмыс уақытты күтпейді. Егіс науқанының өз тәртібі, техниканың өз талабы бар. Бір істің уақытында атқарылуы кейінгі жұмыстың нәтижесіне әсер етеді. Осы ортада жүріп Амантай Әділбекұлы еңбек тәртібін, жауапкершілікті, төзімділікті үйренді. Ең бастысы, өзі еңбек етіп жүрген саланың болашағын кәсіби тұрғыдан меңгеруге ұмтылды.

1974 жылы Қазақ ауыл шар- уашылығы институтының агрономия факультетіне оқуға түсіп, 1979 жылы жоғары білім алып, ауыл шаруашылығы саласына маман ретінде қайта оралды. Бұл жерде оның еңбек жолының ерекшелігі айқын көрінеді. Ол агрономдық қызметті бірден кабинеттен бастаған жоқ. Алдымен механизатор болып, жердің қара жұмысын көрді. Даланың тынысын еңбек үстінде таныды.

– Агрономның жұмысы тек егістік басында жүрумен шектелмейді. Жердің жағдайын бағалау, егіс жұмысының барысын ұйымдастыру, өнімділікке әсер ететін факторларды ескеру, мұның бәрі кәсіби біліктілікті талап етеді. Ал бас агрономның жауапкершілігі одан да жоғары, – дейді кейіпкеріміз.

Ауыл шаруашылығында бір күндік жетістік болмайды. Егістікке себілген дәннің нәтижесін көру үшін уақыт керек. Ал сол нәтижеге жету үшін еңбек, төзім және жауапкершілік қажет. Бұл саланың ерекшелігін Амантай Әділбекұлы өз тәжірибесінен жақсы білді.

Кейіпкеріміз айтқандай, қара жұмыс оған тәжірибе, білім – бағыт бер­се, жылдар бойындағы шеберлікті қалыптас­тырды. Ұзақ жылғы еңбектің бағасы да уақыт өте көрініп, Алакөл ауданының Құрметті азаматы атанды. ІІ дәрежелі Еңбек даңқы, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл», сондай-ақ Алматы облысының ауыл шаруашылығына қосқан еңбегі үшін берілген мерекелік медальдары табысталды. Бұл марапаттардың әрқайсысы оның еңбек жолындағы белгілі бір кезеңге берілген ел бағасы.

Он жеті жасында механизатор болып еңбекке араласқан жас жігіт бүгінде жетпіс жастың белесіне жетті. Осы аралықта заман өзгерді, ауылдың тұрмыс-тіршілігі жаңарды, ауыл шаруашылығындағы еңбек тәсілдері түрленді. Бірақ оның өміріндегі негізгі құндылық – өз ісіне адалдық өзгермеді.

Жетпіс жасқа келгенде адамның артында қалатыны – атқарған қызметтерінің атауы ғана емес, сол жылдары жасаған еңбегі. Амантай Иманқұловтың жүріп өткен өмір жолы бүгінгі ұрпаққа өнеге. Еңбекпен басталған жол кейіпкерімізді ел құрметіне жеткізді. Ал елдің құрметі – маңдай термен келген мерейдің ең биік бағасы.

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Кедендегі кездесу

Кедендегі кездесу

13.08.2026
«Әділет» партиясы Жетісу облысының кәсіпкерлерімен және шаруаларымен кездесті

«Әділет» партиясы Жетісу облысының кәсіпкерлерімен және шаруаларымен кездесті

13.08.2026
Сүйсіндірген сарқырама

Сүйсіндірген сарқырама

13.08.2026
Балаңыз мектепке дайын ба?

Балаңыз мектепке дайын ба?

13.08.2026
Биылғы сайлау науқаны саяси бәсекенің жаңа кезеңін айқындады

Тарихи белес

13.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.