Талдықорған: +27°C
$ 465.08
€ 536.52
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Сүйсіндірген сарқырама

13.08.2026
КҮНДЕРЕК
Сүйсіндірген сарқырама

Қанат Мақанұлы

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісудың табиғаты туралы сөз қозғалғанда көз алдымызға ең алдымен асқаралы Алатау, айдынды Алакөл, бұйрат құмды Балқаш, жасыл жайлау мен мөлдір бұлақтар келеді. Алайда аймақта көпшілік біле бермейтін, барған жанды бірден баурап алатын ғажайып жерлер жетіп артылады. Солардың бірі – Алакөл ауданына қарасты Сапақ ауылы маңындағы Сапақ сарқырамасы туристер арасында танымал бола бастаған табиғат ғажайыбын көріп, сарқырама етегінде ұлттық туризмді дамытып жүрген ерлі-зайыпты Ерғазы мен Гүлжазира Қанағатовтардың тыныс-тіршілігімен танысып қайттық.

Сапаққа бастар жол тауға қарай өрлей береді. Жол бойында көк майсаға оранған белестер мен қалың ағаш арасынан көрінген шыңдар саяхатшыларды өзгеше әлемге жетелейді. Бірнеше шақырымнан кейін алыстан сарқыраманың гүрілі естіледі. Ал жақындай түскен сайын табиғаттың құдіретіне еріксіз тәнті боласың.

Сарқырамаға жеткен тұста ең алдымен көзге түсетіні – ұлттық нақыштағы екі ақбоз киіз үй. Тау етегінде тігілген қазақ үйлердің маңында демалып отырған адамдар, ас дайындап жүрген келіншектер, ойнап жүрген балалар көзге жылы ұшырайды. Бұл жерге келген адам өзін туристік кешенде емес, қазақы ауылдың төрінде отырғандай сезінеді.

Қонақтарды қарсы алып жүрген Гүлжазира Сұлтанқызының айтуынша, игі бастама биыл ғана қолға алынған.

–Туған жеріміздің табиғатын елге танытсақ деген ниетпен кәсіп бастадық. Жұмысымызды биыл ғана ашсақ та келушілердің қарасы көбейіп келеді. Әсіресе Астана, Алматы, Түркістан, Шымкент, Атырау, Ақтау, Қызылжардан келген қонақтарымыз көп, – дейді ол.

Шынында да мұнда келгендердің жасына қарай түрлі жағдай қарастырылған. Балалар үшін арнайы ойын алаңдары жасалған. Ал үлкен кісілер киіз үйдің көлеңкесінде отырып, таудың таза ауасымен тыныстап, табиғат аясында демалады.

Бірақ меймандар бұл жерге ең алдымен Сапақ сарқырамасының сұлулығын тамашалау үшін келеді.

Биіктігі шамамен 28 метр болатын Сапақ сарқырамасы алыстан ақ күмістей жарқырайды. Су төмен қарай екпіндеп құлаған сайын айналасынан салқын самал еседі. Әсем көріністі бірі үнсіз тамашаласа, екіншісі қолын суға малып, табиғаттың қуатын сезінгісі келеді. Осы арада біз Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданынан арнайы келген турист Нұргүл Бижановамен тілдескен едік. Ол Жетісуға отбасымен саяхаттап келгенін айтты.

– Биыл Алакөлге келіп қана қоймай, балаларымызға Жетісудың табиғатын көрсетуді мақсат еттік. Әлеуметтік желі арқылы елге насихаттағымыз келеді. Осындай көркем жерлерді жұрт көруі керек. Сапақ сарқырамасын арнайы іздеп келдік. Бірнеше шақырым жаяу жүріп барып көрдік. Алған әсерімізді сөзбен жеткізу қиын. «Жетісу – жер жаннаты» дейді ғой. Соған бүгін тағы бір мәрте көзіміз жетті, – дейді ол.

Шынында да соңғы жылдары ішкі туризмге қызығушылық артып келеді. Бұрын шетел асып демалуға ұмтылған жұрт бүгінде өз елінің көрікті жерлерін аралауға бет бұрған.

Сапақтағы туристік орталықтың ерекшелігі де осында. Мұнда табиғат пен ұлттық құндылықтар қатар насихатталады. Қанағатовтар отбасының айтуынша, Бұл жерге шетелдік қонақтар да келіп үлгерген.

– Нидерландтан келген бір отбасы Қазақстанды бұрын тек жазық дала мен шөлейт ел деп елестеткендерін айтты. Олар таулар мен сарқырамаларды көргенде қатты таңғалды. Меймандар мәдениетімізге қызығушылық танытып, көптеген сұрақ қойып, ұлттық дәстүрлерімізге тәнті болып кетті, – дейді Гүлжазира Сұлтанқызы.

Қытайдан келген туристер болса, қазақтың ұлттық тағамдарына ерекше қызығушылық танытыпты. Ол ұлттық асхана жөнінде сұрап, дастарқаннан дәм татқан.

Туристердің оң бағасы Қанағатовтар отбасының еңбегінің нәтижесі екені анық. Дегенмен олар бүгінгі жетістікпен тоқтап қалмақ емес. Болашаққа арналған жоспарлары да ауқымды. Сарқыраманың жоғарғы бөлігіндегі көрініс алаңына аспалы жол салу, шомылу аймағын ұйымдастыру, бассейн орнату, ұлттық үлгідегі монша ашу секілді жобалар қолға алынбақ.

– Басты мақсатымыз – адамдарға жайлы демалыс сыйлау. Сапақ сарқырамасын Жетісудың ең танымал туристік орындарының біріне айналдырсақ дейміз, – дейді туристік орталықтың иелері.

Алайда мұнда келер туристердің жиі көтеретін бір мәселесі бар. Ол – жол сапасы. Келушілер Алматыдан Қабанбайға дейінгі жолдың жақсы екенін, ал одан әрі Сапақ ауылына дейінгі аралықтың жөндеуді қажет ететінін айтады. Егер бұл мәселе шешілсе, мұнда келетін турист саны бірнеше есеге артар еді.

Күн еңкейіп, тау бөктерін алтын түске бояй бастағанда Сапақ сарқырамасының дауысы бұрынғыдан бетер анық естілетінін құлағымыз шалды. Жансарайыңды ашатын тұнық ауа, таудан құлдилаған мөлдір бұлақ, осының бәрінен рахат алып жүрген демалушыларды көру де бір ғанибет екен. Осы көрініске қарап отырып, туризмнің адам еңбегімен дамитынын түсінесің. Егер туған жеріне жанашыр азаматтар көбейсе, ең шалғай ауылдың өзі туристер ағылатын мекенге айналуы бек мүмкін. Сапақ сарқырамасының бүгінгі тынысы – соның дәлелі. Ал Ерғазы мен Гүлжазира Қанағатовтардың еңбегі туған жердің табиғи байлығын халық игілігіне айналдырудың жарқын үлгісі.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Кедендегі кездесу

Кедендегі кездесу

13.08.2026
«Әділет» партиясы Жетісу облысының кәсіпкерлерімен және шаруаларымен кездесті

«Әділет» партиясы Жетісу облысының кәсіпкерлерімен және шаруаларымен кездесті

13.08.2026
Сүйсіндірген сарқырама

Сүйсіндірген сарқырама

13.08.2026
Балаңыз мектепке дайын ба?

Балаңыз мектепке дайын ба?

13.08.2026
Биылғы сайлау науқаны саяси бәсекенің жаңа кезеңін айқындады

Тарихи белес

13.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.