Құрылыс саласын цифрландыру және мемлекеттік көрсеткіштердің сапасын арттыру бағытында маңызды қадам жасалып, жаңа цифрлық шешім іске қосылды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
«Мемсараптама» РМК мемлекеттік сараптамаға ұсынылатын жобалау құжаттамасының толықтығын бақылауға арналған жасанды интеллект технологияларына негізделген пилоттық модульді енгізді. Қазіргі уақытта мекемеге түсетін барлық жоба жаңа цифрлық шешімнің көмегімен міндетті түрде алдын ала тексеруден өтеді. Инновациялық модулді қолдану нәтижесінде жобалау құжаттамасының толықтығын тексеру мерзімі 5-6 күннен 2-3 күнге дейін қысқарды. Б
ұл өзгеріс өтініш берушілерге анықталған ескертулер туралы ақпаратты жедел алуға, ал ұсынылған материалдар талаптарға сай болған жағдайда келесі кезеңдерге тезірек өтуге жол ашады. Жасанды интеллект құжаттардың құрамын, рұқсат беру қағаздарының өзектілігін және олардың нақты жобаға тиесілігін автоматтандырылған түрде жан-жақты сараптайды. Аталған жүйе қолданыстағы құрылыс нормалары мен мамандардың тәжірибесі ескеріліп әзірленген. Компьютерлік көру, мәтінді оптикалық тану пен тілдік модельдер технологиялары ұлттық суперкомпьютердің есептеу жүйесінде жұмыс істеп, QPortal.kz платформасымен толық интеграцияланған.
Егер жоба кері қайтарылса, өтініш беруші арнайы батырманы басу арқылы анықталған ескертулермен еркін таныса алады. Жасанды интеллект тек алдын ала талдау құралы ретінде қолданылып, түпкілікті шешімді тәжірибелі мамандар қабылдайды. Цифрлық трансформация сараптамалық қызметтің тиімділігін арттырып қана қоймай, саланың дамуына зор үлес қосады.





