Қазіргі таңда логопед мамандығы қоғамда ерекше сұранысқа ие. Себебі балалар арасында сөйлеу тілінің бұзылыстары жиілеп келеді. Ол – сөйлеу тіліндегі бұзылыстарды анықтап, түзетумен айналысатын маман. Қазіргі қоғамда балал арарасында тіл кемістіктерінің жиі кездесуі логопед мамандығының маңызын арттыра түсуде. Ертежастан бастап дұрыс сөйлеу – баланың танымдық дамуының, әлеуметтік ортаға бейімделуінің негізгі шарттарының бірі. Логопед – тек мұғалім ғана емес, ол әрі педагог, әрі психолог, әрі түзету жұмысының шебері.
Логопедтің негізгі міндетіне дыбысты дұрыс айтқызудан бөлек:
- Баланың сөйлеу деңгейін тексереді;
- Дыбыс бұзылыстарын анықтайды;
- Арнайы жаттығулар арқылы тіл кемшіліктерінтүзетеді;
- Ата-аналарға кеңес береді;
- Баланың психологиялық жай-күйін ескереотырып жұмыс істейді.
Көптеген ата-ана баланың сөйлеуіндегі кішігірім қателіктерді елемей жатады. Алайда төмендегі жағдайларда логопед көмегі қажет:
- Бала 2-3 жасқа дейін сөйлемесе;
- Сөздерді бұрмалап айтса;
- Кей дыбыстарды дұрыс айта алмаса;
- Сөйлеуі түсініксіз болса;
- Тұтықпа байқалса.
Логопед пен ата-ананың бірлескен жұмысы – табыстың кепілі. Үйде баламен жиі сөйлесу, кітап оқу, тіл дамыту ойындарын ойнау – баланың сөйлеу қабілетін арттыруға көмектеседі.
Қорытындылай келсек, логопед мамандығы – үлкен шыдамдылықты, мейірімділікті және кәсіби біліктілікті талап ететін сала. Бұл саланы таңдаған адам балаларды жақсы көріп, олардың дамуына шын жүректен үлес қоса білуі қажет. Логопед – баланың дұрыс сөйлеуін қалыптастырып қана қоймай, оның болашақта өз ойын еркін жеткізе алуына жол ашатын маңызды маман. Сондықтан баланың тіл дамуындағы кез келген мәселені уақытында байқап, маман көмегіне жүгіну – әр ата-ананың міндеті.
Әсия Есімбекова,
МДШО бар Жаңаталап орта мектебінің педагог-логопеді





