Талдықорған: +7°C
$ 454.14
€ 509.23
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

«Соңғы классик»: Сайын даланың саңлақ Сайыны

Бүгін, 10:20
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Соңғы классик»: Сайын даланың саңлақ Сайыны

Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebook

Биыл дала сахарасының саңлақ жазушысы, қаламына ауылдың қарапайым тірлігін арқау етіп, төл әдебиетке әлеуеті зор туындылар тарту еткен Сайын Мұратбековтің туғанына 90 жыл толды. Қоңыр ауылынан түлеп ұшқан қаламгер өз балалық шағында көргенін айна-қатесіз суреттеп, тағдыр тауқыметіне мойымаған кейіпкерлері арқылы тұтас бір дәуірдің үнін бүгінге жеткізді. Алты алаш қалпында тұрса әлі талай дәуір сол үнді естиді. Апта ортасында Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Сыршыл һәм шыншыл» жазушы атанған Сайын Мұратбековтің мерейтойына орай конференция өтті.

Жиынның алғысөзінде облыс әкімінің міндетін атқарушы Әлібек Жақанбаев ҚР вице-президент Ерлан Қариннің құттықтау хатын оқыды. Содан кейін туындылары бірнеше буынды тәрбиелеген қаламгер турасында ойын жеткізді.

 – Әдебиеті бар елдің – рухы бар, танымы мен тарихы бар. Ендеше сол әдебиетті жасаушы қаламгерлердің еңбегі халықтың қашанда асыл мұрасы болып қала береді. Сайын Мұратбеков – қазақ прозасында өзіндік қолтаңбасы бар, адам жанына терең бойлайтын көркемдік әлемі бөлек қаламгер. Оның шығармалары туған жердің топырағын, ауылдың тынысын, балалықтың бал шағын, адам көңілінің қыртыс-қатпарларын қапысыз сезіндіреді. Қаламгер тақырыпты алыстан іздеген жоқ. Өзі туып-өскен өлкедегі замандастарының, қарапайым ауыл адамдарының тыныс-тіршілігінен, өзара қарым-қатынасынан, тағдыр талайынан адамгершілік, адалдық, мейірім, ар-ұят секілді мәңгілік құндылықтарды көркемдікпен кестелей білді. Сайын Мұратбековтің Жетісу топырағынан түлеп ұшқаны – біз үшін үлкен мәртебе, – деді Әлібек Әскербекұлы.

Мұнан соң мінберге ТүрікСой бас хатшысы Сұлтан Раев, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, Ұлттық академиялық кітапхананың директоры Ғазиза Нұрғалиевалар көтеріліп, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Артынша зиялы қауым өкілдері қаламгердің қарындастары Мағрипа мен Майра Мұратбаевалардың қатысуымен «Суреткер Сайын Мұратбеков» кітабының тұсауын кесті.

Келелі кездесуде сөз алған қаламгер-публицист Жүсіпбек Қорғасбек Сайын Мұратбековті «соңғы классик» атады. Айтуынша, «Соңғы классик» ұғымы – әдебиеттанудағы нақты әрі бәрі бірдей мойындаған ғылыми дәреже емес, белгілі бір қаламгердің әдеби үдерістегі орнын сипаттайтын бағалау ұғымы. Бұл атау белгілі бір әдеби дәстүрдің көркемдік мүмкіндіктерін кемеліне жеткізіп, тұтас бір дәуірдің ерекшеліктерін бойына жинақтаған қаламгерлерге қатысты қолданылады. Мысалы, орыс әдебиетінде Иван Бунинді кейде осындай сипатта атайды. Мұндай анықтама кейінгі әдебиетте классиктер болмайды дегенді білдірмейді. Керісінше, ол белгілі бір көркемдік дәстүрдің аяқталып, әдебиеттің жаңа кезеңге бет алғанын аңғартады.

 – Жазушы кейіпкерлерінің жан дүниесін ашуда асығыстыққа бармайды. Олардың сезімін бүкпесіз жайып салмай, күнделікті өмірдегі әрекеттері, сөздері арқылы танытады. Кейіпкерлерінің тағдыры арқылы адам болмысының күрделі қырларын көрсетеді. Мұндай ерекшелік «Жабайы алма» повесінде де айқын байқалады. Шығарманы оқығанда, оқиғалардың сыртқы желісінен гөрі адам жанының тереңіндегі сезімдерге көбірек үңілесің. Сайын Мұратбековтің жазушылық қуаты да осында. Ол оқырманға ойды күштеп таңбайды, сезімді қолдан жасамайды. Оның шығармаларындағы мұң, сағыныш, мейірім мен адамгершілік табиғи қалпында көрінеді. Қарапайым оқиғалардың өзінен үлкен мағына таба білуі қаламгердің көркемдік шеберлігін танытады. Жазушының шығармалары кеңестік кезеңде де, тәуелсіздік жылдарында да оқырманын жоғалтқан жоқ. Қаламгердің қазақ әдебиетіндегі орны мен көркемдік мұрасының өміршеңдігі Сайын Мұратбековті «соңғы классик» атауға толық негіз, – деді Жүсіпбек Қорғасбек.

Жазушының туындыларын сараптаған ақын, журналист Әміре Әріннің айтуынша, Сайынның әрбір шығармасынан қазақы мінездің иісі аңқиды. Оның шығармалары адам жанының ең нәзік иірімдерін көркемдікпен бейнелеуге негізделген. Оның туындылары көздің жауын алатын асыл тастың сынықтарындай әсер қалдырады. Әр туындыны оқығанда адам жанының аяулы да көркем қырларын танып, ерекше сезімге бөленеді.

 – Қазақтың мінезге бай халық екенін жиі айтамыз. Сайын Мұратбековтің шығармаларын оқығанда, адам бойындағы ең көркем сипаттардың бірі – мінез екеніне көз жеткіземіз. Жазушы кейіпкерлерінің бойындағы мейірім мен қайсарлықты, аңғалдық пен даналықты, мұң мен үмітті қатар өріп, адам табиғатын терең ашады. Оның шығармаларында қайғылы сезімнің өзі оқырманды ауырлыққа батырмай, өмірдің қадірін түсінуге жетелейді. Сайын Мұратбеков шығармаларында өмір шындығын артық әсірелеусіз жеткізіп, оқырманның жүрегіне жол табады, – деді Әміре Әрін.

Сайын даланың саңлақ Сайынының тағы бір қырын жазушы Арасанбай Естен ашты. Оның сөзіне сенсек, қаламгердің сөз «ұсталығы» – туындыларының қысқалығынан аңғарылады. Ғұмыр жолын тілге тиек еткен спикер журналистикадан жазушылыққа ойысып, тұлға атануына Сайын Мұратбеков септескенін де жасырмады. Тіпті, Қоңыр ауылында саңлақ қаламгерге арналған мұражай ашылса деген тілегін де жеткізді.

 – Қаламгердің туындыларын оқығанда, көз алдымызға қарапайым ауыл көріністері, балалық шақтың ұмытылмас сәттері, көңілде сақталған аяулы естеліктер келеді. Алайда осы қарапайым көріністердің астарында адам жанының терең сыры жатады. Сайын Мұратбеков кейіпкерлерінің бойындағы мейірімділікті, жалғыздықты, сағыныш пен арманды нәзік сезіммен суреттейді. Сондықтан оның шығармалары оқырманды бейжай қалдырмай, адам өмірі мен тағдыры туралы терең ойға жетелейді, –  деді Арасанбай Естен.

Жазушының сөзін қаламгер Әділбек Ыбырайымұлы да қуаттайды. Айтуынша, Сайын шығармаларында өзге адамдардың тағдырын ғана көрсетпейді, оқырманға өз бойындағы пендеуи қастиеттеріне үңілуге итермелейді. Дегенмен, оның прозасының басты ерекшелігі – туынды тілінің қарапайымдылығы мен табиғилығы. Оның шығармаларында сырт көзге күрделі болып көрінбейтін сөйлемдердің өзінде терең мағына мен үлкен көркемдік шеберлік жатыр. Жазушы оқырманды таңғалдыратын сөз іздемейді, оның жүрегіне жол табуға ұмтылады екен.

 – Қарымды қаламгердің даралығын – үлкендікті кішіден іздеуі. Шығармасындағы кейіпкерлер кейде қателеседі, кейде қиындыққа тап болады, кейде әділетсіздікке ұшырайды. Алайда қандай жағдай болса да, адам өзінің адамдық қасиетін жоғалтпауы керек дегенді оқырман санасына сынадай қондырады. Сол арқылы үлкен һәм ауқымды дүниелерді ауылдағы қарапайым адамның іс-әрекеті арқылы суреттейді. Осыдан кейін біздің қоғамда жазушының шығармашылығына қайта үңілу аса қажет. Өйткені заман өзгереді, қоғам өзгереді, технология дамиды. Бірақ адамның мейірімі, сағынышы, махаббаты, жалғыздығы мен жақсылыққа деген ұмтылысы өзгермейді. Адам жанының осы мәңгілік қасиеттері жазушы шығармаларының өміршеңдігін қамтамасыз етеді. Сайын Мұратбековтің сөзі ескірмейді. Оның шығармалары – адамды адам ретінде тануға, өз болмысымызды түсінуге және адамгершілік құндылықтарды бағалауға үндейтін рухани мұра, –  деді Әділбек Ыбырайымұлы

Баяндамашылар айтқандай, «Соңғы классик» қаламгердің мұрасын саралаған конференция 2025 жылдан бері Сайын Мұратбековтың қазақ әдебиетіне қосқан үлесі мен шығармалары насихатталған түрлі мәдени шаралардың бір парасы.

 

Дастанбек Садық

Қатысты жаңалықтар

«Соңғы классик»: Сайын даланың саңлақ Сайыны

«Соңғы классик»: Сайын даланың саңлақ Сайыны

Бүгін, 10:20
«Жетісудың» сенімді жеңісі

«Жетісудың» сенімді жеңісі

Бүгін, 10:10
Қазақстанда жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді: 16 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді: 16 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бүгін, 09:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

16 қазан 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Еревандағы Биоалуантүрлілік саммитіне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Еревандағы Биоалуантүрлілік саммитіне қатысты

16 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.