«Жетісу» волейбол клубы Түркістанда ІІ-тур ойындарын «Тұран» командасымен өткізіп жатыр. Алғашқы кездесуде жетісулықтар 3:0 (25:17, 25:14, 25:11) есебімен сенімді жеңді. Әлі ұпайдан шашау шығармаған талдықорғандықтар турнирлік кестенің көшін 9 ұпаймен бастап келеді.
– Еліміздегі мықты командалардың бірімен ойнадық. Бүгінгі ойында сәттілік жолдас болып, жеңіске жеттік. Қарсылас сапынан 2-3 ойыншының болмағанын да ескеруіміз қажет. Ал «Тұранмен» болатын екінші ойын бүгінгіге мүлдем басқа болатындығына сенімдімін. Біз тоқтап қалмаймыз, алға қарай жылжи береміз, – деді өз сөзінде «Жетісу» командасының ойыншысы Татьяна Никитина.
«Тұранмен» болған бірінші кездесуде «Жетісу» сапынан үздік ойыншы Ольга Зверева болды. Ол 14 ұпай (шабуыл 10, эйс 2, тоқсауыл 2). Жалпы командалардың статистикасына көз жүгіртсек:
Ұпай:
«Жетісу» – 57 – «Тұран» – 32.
Эйс:
«Жетісу» – 7 – «Тұран» – 3.
Шабуыл:
«Жетісу» – 50 % – «Тұран» 29 %.
Тосқауыл:
«Жетісу» – 11 – «Тұран» – 4.
«Жетісу-Ақпарат»





