«Әділет» партиясы сайлауалды штабының өкілдері «Үштөбе-Айдын» серіктестігінің еңбек ұжымымен кездесіп, кәсіпкерлік саласының дамуы мен жұмыс орындарын сақтау мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Кездесуде шағын және орта бизнестің өңір экономикасындағы орнына ерекше назар аударылды. Кәсіпкерлік тек экономикалық белсенділікті арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға, жергілікті өндірісті дамытуға және халықтың табысын арттыруға мүмкіндік беретін маңызды бағыттардың бірі екені айтылды.
Қатысушылар кәсіпкерлердің күнделікті жұмысында кездесетін бірқатар мәселелерді ортаға салды. Атап айтқанда, әкімшілік рәсімдерді жеңілдету, қаржыландыру көздеріне қолжетімділікті арттыру, бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай қалыптастыру және әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар отандық тауар өндірушілерді қолдау, жергілікті өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және салықтық саясаттағы тұрақтылықтың кәсіпкерлік үшін маңызы сөз болды. Кәсіп иелері үшін ережелердің түсінікті әрі болжамды болуы ұзақ мерзімді жоспар құруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.
Басқосу барысында еңбек адамдарының ұсыныстары да назардан тыс қалмады. Өндірістің тұрақты жұмыс істеуі, қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту және кәсіпорындардың дамуына қажетті жағдай жасау мәселелері бойынша пікірлер тыңдалды.
Кездесу өзара пікір алмасу форматында өтіп, кәсіпкерлік пен еңбек саласына қатысты ұсыныстарды талқылауға мүмкіндік берді. Мұндай кездесулер өңірдегі нақты мәселелерді анықтап, оларды шешудің тиімді жолдарын қарастыруға негіз болады.





