Талдықорған: +21°C
$ 461.39
€ 534.75
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Аға буынның батасын алған марафон 1 қыркүйекте басталады

17.08.2026
КҮНДЕРЕК
Аға буынның батасын алған марафон 1 қыркүйекте басталады
WhatsAppTelegramFacebook

«Кітап оқитын ұлт» және «QAZAQ Creative» қорлары зиялы қауым өкілдерімен тағылымды кездесу өткізіп, 1 қыркүйекте басталатын республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонының жаңа кезеңіне дайындық барысын талқылады. Биылғы жоба 1 миллионнан астам азаматты қамтуды көздейді.

Мемлекет басшысының кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған марафонның басты мақсаты – азаматтарды кітап оқуға кеңінен тарту ғана емес, оқу мәдениетін қоғамның күнделікті өмір салтына айналдыру.

Жоба дәстүріне сай, ауқымды бастаманың жаңа кезеңі аға буын өкілдерінің ақ батасымен басталды. Ұйымдастырушылар зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, жобаның алдағы міндеттері мен даму бағыттарын ортаға салды.

«Қазақ дәстүрінде қандай да бір үлкен істі бастарда аға буынның ақ батасын алу – тағылымы терең жол. Бұл – үлкендердің өмірлік тәжірибесі мен ізгі тілегін кейінгі буынға аманат етудің бір көрінісі. Сондықтан біз «Кітап оқитын ұлт» сияқты елдің рухани дамуына бағытталған ауқымды жобаны бастар алдында зиялы қауым өкілдеріне арнайы жолығып, ақ батасын алуды жөн көрдік. Аға буынның ақ тілегі бізге үлкен жауапкершілік жүктеп қана қоймай, алдағы жұмысты абыроймен атқаруға жігер береді», – деді қоғамдық қор төрағасы Бақытжан Тұрлыбеков.

Кездесуге жазушылар, ақындар, журналистер мен қоғам қайраткерлері қатысты. Олардың қатарында Әлібек Асқаров, Шәрбану Бейсенова, Қуандық Жиенбай, Баянғали Әлімжанов, Әбубәкір Смайыл, Оңайгүл Тұржан, Жанат Әскербекқызы, Бауыржан Бабажанұлы, Жанарбек Әшімжан, Мұхарбек Жәкейұлы, Ұларбек Дәлейұлы, Қанат Әбілқайыр, Батырболат Айтболатұлы, Асқар Алтай бар.

Жиын барысында жобаны жүзеге асырудың нақты тетіктері талқыланып, осы жылдың 31 наурызында өткен алдыңғы кездесуде айтылған ұсыныстардың орындалу барысы бойынша есеп берілді.

Зиялы қауым өкілдері жобаның бүгінгі нәтижелеріне жоғары баға беріп, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, ұлттық сананы жаңғырту және зерделі ұлт қалыптастыру жолындағы ортақ істің маңыздылығын атап өтті.

Жазушы Әлібек Асқаров жобаға ақжолтай тілегін білдірді.

«Кітап оқу – ұлттың рухани қуатын арттыратын үлкен құндылық. Осындай игі бастаманың ауқымы кеңейіп, ел көлемінде жалғасын табуына тілектеспін. «Кітап оқитын ұлт» марафонына сәттілік тілеймін. Кітапқа бет бұрған әр азаматтың ой-өрісі кеңейіп, еліміздің зерделі ұрпағы көбейе берсін», – деді жазушы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, марафонның басты көрсеткіші – қатысушылардың саны ғана емес. Негізгі мақсат – кітапты адамның күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырып, оқу арқылы ойлайтын, ізденетін, зерделі қоғам қалыптастыру.

​«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны – кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ортақ іске бірқатар маңызды серіктесті біріктіріп отырған ауқымды бастама.

Жобаны іске асыруға Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қорыжәне Yandex Qazaqstan технологиялық компаниясы «Яндекс Кітаптар» сервисімен бірлесіп қатысуда. Серіктестердің бірлескен жұмысы оқу мәдениетін ілгерілетуге, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырман мен кітап арасындағы байланыстың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыруға бағытталған.

Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Қатысты жаңалықтар

Күту мен таңдау: сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың электоралды көңіл-күйі қалай өзгерді?

Күту мен таңдау: сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың электоралды көңіл-күйі қалай өзгерді?

17.08.2026
Аға буынның батасын алған марафон 1 қыркүйекте басталады

Аға буынның батасын алған марафон 1 қыркүйекте басталады

17.08.2026
Жетісуда композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай ән кеші өтті

Жетісуда композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай ән кеші өтті

17.08.2026
Спорт күніне орай аудандық спартакиада ашылды

Спорт күніне орай аудандық спартакиада ашылды

17.08.2026
Тарихи жадтың жаңғыруы

Жетісуда сайлауалды үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын

17.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.