Талдықорған: +22°C
$ 460.13
€ 532.60
₽ 5.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Құқық қорғау органдарының жұмыс тәсілдері өзгеруде

18.08.2026
КҮНДЕРЕК
Құқық қорғау органдарының жұмыс тәсілдері өзгеруде

NUR.KZ / Владимир Третьяков

WhatsAppTelegramFacebook

Елімізде жаңа Конституция қабылданғаннан кейін жүргізіліп жатқан ауқымды құқықтық реформа жағдайында құқық қорғау органдарының жұмыс тәсілдері де өзгеруде.

Бүгінде жасалған қылмысқа ден қою жеткіліксіз. Біздің ортақ міндетіміз – қауіп-қатердің алдын алу, құқық бұзушылықтардың себептерін жою және азаматтардың құқықтарын нақты қорғауды қамтамасыз ету. Дәл осы мақсатта біз Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығын құрдық. Ол – қылмыстың салдарымен күресуден оны ерте кезеңде ескертуге көшудің негізгі құралдарының бірі. Орталық тәулік бойы криминогендік ахуалды талдайды, ықтимал қауіптер мен осал аймақтарды анықтайды, тәуекелдерді болжайды және олардың алдын алу бойынша нақты шаралар әзірлейді. Жұмыстың жеке бағыты – қылмыстық қатерлердің жаңа түрлері мен тәсілдерін анықтау мақсатында шетелдік контентке мониторинг жүргізу.

Ең бастысы – бұл талдау жергілікті жерлерде нақты шешімдер қабылдауға негіз болады.

Мәселен, Ішкі істер министрлігі және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, жасанды интеллект пен ұшқышсыз технологияларды қолдану арқылы азаматтарға қылмыстық қол сұғу ықтималдығы жоғары 360-тан астам қауіпті локация анықталды. Бұл жерлерде полицияның патрульдеуі күшейтіліп, 4 мыңға жуық жаңа жарықтандыру нүктесі және 3,5 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылды. Мұндай тәсіл өз нәтижесін беріп отыр. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша елдегі қылмыс деңгейі 11%-ға төмендеді.

Адам өлтіру, қарақшылық, тонау, қорқытып алушылық, ұрлық және көшелерде жасалатын қылмыстар азайды. Есірткі қылмысына қарсы жүйелі әрі белсенді жұмыс жалғасуда. «Кибернадзор» жүйесі есірткіні насихаттау белгілері бар 10 мың материалды, оның ішінде 6 мыңнан астам есірткі дүкенін бұғаттады. Прокуратура мен полиция органдарының тиімді өзара іс-қимылы нәтижесінде 464 мыңнан астам дропперлік шот бұғатталып, 2,6 млрд теңгеден астам есірткіден түскен кіріске тыйым салынды. Соңғы жылдары алғаш рет интернет-алаяқтықтың өсу үрдісін өзгертуге қол жеткізілді – олардың саны 9%-ға төмендеді.

Құқық қорғау органдары мен «Қазақтелеком» АҚ-ның бірлескен күш-жігерімен миллионнан астам күдікті қоңырау тоқтатылып, шетелде орналасқан 12 алаяқтық колл-орталықтың қызметі әшкереленді. Мәселен, елордада прокуратураның бастамасымен осы байланыс операторының базасында құрылған Антиколл-орталық алаяқтардың қоңырауын 76 жастағы әйел оларға 21 млн теңге беруге дайындалып жатқан сәтте тоқтатты. Нәтижесінде қаражатты сақтап қалуға мүмкіндік туды. Сонымен қатар Ұлттық Банктің Антифрод-орталығы арқылы 2,9 млрд теңгеден астам сомаға алаяқтық транзакциялар бұғатталды. Осы сандардың артында нақты нәтиже – азаматтардың қорғалған өмірі, денсаулығы мен мүлкі тұр.

Біздің мақсатымыз – қауіптің қылмысқа айналуын күтпей, оны алдын ала анықтау, себептерін жою және салдарының алдын алу. Конституциялық «Заң мен тәртіп» қағидатын іс жүзінде жүзеге асыру дегеніміз – осы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдымызға дәл осындай міндет қойып отыр.

Қатысты жаңалықтар

Құрылтай – орталық пен өңір арасын жақындатқан жүйе

Құрылтай сайлауы және конституциялық жаңғыру

18.08.2026
Әскери жасақтың жедел әрекеті – адам өміріне араша

Әскери жасақтың жедел әрекеті – адам өміріне араша

18.08.2026
Қазақстан экспорты қарқын алды

Қазақстан экспорты қарқын алды

18.08.2026
«Маман тапшы»: Ауылға барған дәрігерге 10 млн теңге беріледі

«Маман тапшы»: Ауылға барған дәрігерге 10 млн теңге беріледі

18.08.2026
Шекарашыларға құрмет

Шекарашыларға құрмет

18.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.