Сарқан ауданында сайлаушыларды дауыс беруге белсенді қатысуға шақыру мақсатында «Дауыс беру керуені» ақпараттық акциясы ұйымдастырылды.
Акция аясында арнайы автокөлік безендіріліп, оған сайлаушыларды сайлау учаскелеріне келіп, өз азаматтық таңдауын жасауға үндейтін ақпараттық материалдар орналастырылды. Автокөлікте акцияның атауы, сайлауға шақыратын қысқаша ақпарат безендірілді.
«Дауыс беру керуені» автокөлігі елді мекен көшелерімен жүріп өтіп, тұрғындарға дауыс берудің маңыздылығын жеткізді. Акция барысында азаматтарға сайлауға қатысу – әр адамның ел болашағына деген жауапкершілігін білдіретіні түсіндірілді.
Халықтың сайлау мәдениетін арттыру, азаматтардың дауыс беруге деген қызығушылығын ояту және сайлау учаскелеріне келушілердің белсенділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған акция өз нәтижесін көрсетті.





