Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда бюджет кірісі артты

14 қазан 2026
КҮНДЕРЕК, ЭКОНОМИКА
Жетісуда бюджет кірісі артты

Ашық дереккөз

WhatsAppTelegramFacebook

Өңірде тоғыз айда мемлекеттік бюджетке 250,4 млрд теңге түсім түскен. Мемлекеттік кірістер департаменті салықтық әкімшілендіруді күшейтіп, заңбұзушылықтарды анықтау жұмыстарын жалғастыруда. Бұл туралы Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен брифингте Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ұлан Умирзаков мәлімдеді.

Аталған қаражаттың 152,6 млрд теңгесі республикалық, 97,9 млрд теңгесі жергілікті бюджетке тиесілі. Екі бағыт бойынша да жоспар орындалған. Департамент мұндай нәтижеге салықтық және кедендік әкімшілендіруді күшейту арқылы қол жеткізілгенін айтты. Атап айтқанда, қосымша 15,4 млрд теңге резерв өндірілген. Оның 8,3 млрд теңгесі кедендік, 7,1 млрд теңгесі салықтық әкімшілендіру есебінен қамтамасыз етілген.

Алайда бюджет кірісінің артуы тек түсім көлемімен өлшенбейді. Оның екінші қыры – салық төлеушілердің міндеттемелерді қаншалықты дұрыс орындауы және заңбұзушылықтардың алдын алу жұмыстары.

Департамент мәліметінше, тексерудің нәтижесінде қосымша 4,7 млрд теңге салық пен кедендік баж есептелген. Оның 1,6 млрд теңгесі бюджетке өндірілген. Анықталған заңбұзушылықтардың қатарында корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығына қатысты сәйкессіздіктер, электрондық шот-фактуралар арасындағы алшақтық, салық төлеуден жалтару схемалары және импортталған тауарлардың құнын төмен көрсету деректері бар.

Заңсыз айналымға қарсы рейдтер барысында таңбасы жоқ 390,1 мың қорап темекі, 97 746 литр алкоголь өнімі және 22,9 тонна мұнай өнімі анықталған. Бұл көлеңкелі айналыммен күрестің бюджет кірісін толықтырумен қатар, заңды кәсіп жүргізетін азаматтар үшін де маңызды екенін көрсетеді.

Салықтық бақылау цифрлық форматқа көшіп жатыр

Мемлекеттік кірістер органдарының жұмысындағы тағы бір бағыт – камералдық бақылауды автоматтандыру. Бұл жүйе салық есебіндегі сәйкессіздіктерді анықтап, салық төлеушіге өз бетінше түзетуге мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері жалпы сомасы 506,3 млрд теңгені құрайтын бұзушылықтарға қатысты 3 909 хабарлама қалыптастырылған. Соның ішінде 1 919 хабарлама бойынша 1,8 млрд теңге қосымша салық өндірілген.

Департамент хабарламаларды қалыптастыру мен бастапқы өңдеу автоматты түрде жүргізілетінін, бұл кезеңде адам факторы алынып тасталғанын мәлімдеді. Мұндай тәсіл рәсімдердің ашықтығын арттыруға бағытталған.

Кассалық тәртіпке қатысты мәселе де назардан тыс қалмаған.

– Облыста барлығы 33,9 мың бақылау-касса машинасы тіркелсе, оның 15,6 мыңы, яғни 46 пайызы пайдаланылмайды. Бұған байланысты кәсіпкерлерге салық кабинеті арқылы Push-хабарламалар жіберілді. Кассалық машинаны қолданбау немесе тұтынушыға түбіртек бермеу нақты табысты жасыруға және бюджетке түсетін салықтың азаюына әкелуі мүмкін. Сондықтан қолма-қол ақшамен есеп айырысқан кезде міндетті түрде түбіртек талап етіңіздер, – деді департамент басшысы.

Жаңа Салық кодексі: қандай жеңілдіктер бар?

Жыл басынан жаңа Салық кодексі күшіне енді. Департамент басшысының түсіндіруінше, реформаның негізгі бағыттары салық жүйесін оңтайландыруға, есептілікті қысқартуға және әкімшілік кедергілерді азайтуға негізделген.

–  Жеке тұлғалар үшін базалық салық шегерімі 14 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейін ұлғайтылған. 2026 жылы бір айлық есептік көрсеткіш 4 325 теңге болғандықтан, 30 АЕК 129 750 теңгеге тең. Бұл өзгеріс жеке табыс салығын есептеу кезінде қолданылатын шегерім көлемін арттырады, – деп толықтырды Ұлан Ерденұлы.

Салық есептілігі нысандарының саны 30 пайызға қысқартылған. Салықтық берешекке байланысты банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға негіз болатын шек те 6 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейін көтерілген. Бұл бұрын аз мөлшердегі берешекке байланысты шоттары бұғатталған кәсіпкер үшін маңызды өзгеріс.

Қосымша салық енгізіле ме?

Жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне байланысты әлеуметтік желілерде түрлі пікір мен қауесет тараған. Осыған орай журналистер қосымша салық түрі пайда бола ма деген сұрақ қойды.

Ұлан Ерденұлы мұны жоққа шығарып, әлеуметтік желілерде айтылып жүргендей қосымша салық енгізу жоспарланбағанын жеткізді. Оның түсіндіруінше, қазір жүргізіліп жатқан жұмыс жаңа Салық кодексінің талаптарын іске асыруға, салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге және қолданыстағы нормаларды түсіндіруге бағытталған.

Кедендік рәсімдер жеделдеді

Облыстың географиялық орналасуы мен шекаралық өткізу пункттерінің маңызы кедендік әкімшілендіру нәтижелерінен де байқалады. Департамент дерегіне сәйкес, автомобиль өткізу пункттерінде электрондық жүйелер енгізілгеннен кейін көліктерді кедендік рәсімдеу уақыты 9 сағаттан 15 минутқа дейін қысқарған.

–  «Алакөл» өткізу пунктінде жолақ саны екіден алтыға дейін көбейтіліп, жұмыс уақыты тәулігіне сегіз сағаттан он екі сағатқа дейін ұзартылды. Ал жүк көліктеріне арналған жинақтау алаңының құрылуымен өткізу қабілеті тәулігіне 200-ден 1000 көлікке дейін артты, – деді сала өкілі.

Жалпы, тоғыз айдың қорытындысы Жетісу облысында бюджет кірісінің жоспардан асыра орындалғанын көрсетеді. Алдағы кезеңде салықтық бақылаудың тиімділігін арттырумен қатар, кәсіпкерлер мен азаматтарға заңнама талаптарын түсіндіру және салық төлеу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету жұмыстары жалғасса игі.

 

Айша СЕРІКҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Бүгін, 17:54
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45
«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

Бүгін, 15:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.