Бүгін №141 сайлау учаскесінде ерекше сәт орын алды. Кәмелеттік жасқа толған қыздар бір уақытта келіп, өз таңдауларын жасап, дауыс берді.
Бір ерекшелігі – келген меймандар Кемел Тоқаев атындағы мектептің биылғы түлектері әрі бір сыныптың оқушылары. 18 жасқа толып, алғаш рет азаматтық жауапкершіліктерін сезініп, ел болашағына өз үлестерін қосуға қадам басқан жастар үшін бұл күннің маңызы зор.
Бұл – жас ұрпақтың ел өміріне белсенді араласуға деген ұмтылысының жарқын көрінісі. Алғашқы таңдаулары сәтті болып, азаматтық ұстанымдары әрдайым берік болсын!





