Тоқжайлау ауылының тұрғындары №86 сайлау учаскесіне келіп, өз азаматтық таңдауын жасады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Сайлауға қатысу – әрбір азаматтың конституциялық құқығы әрі жергілікті қауымдастықтың дамуына тікелей ықпал ету мүмкіндігі. Тоқжайлау тұрғындары таңертеңнен бастап жоғары белсенділік танытып, азаматтық ұстанымдарын білдірді. Аға буын мен жастардың бірлесе келіп дауыс беруі өңірдегі тұрақтылықты, ауылдағы ұйымшылдық пен жауапкершілікті көрсетеді. Тұрғындардың мұндай қадамы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін нығайтуға, әлеуметтік бастамаларды қолдауға және ауыл инфрақұрылымын жақсартуға оң серпін береді.





