Қайнар ауылдық округінде орналасқан №65 сайлау учаскесінде дауыс беру процесі бекітілген тәртіпке сай ұйымдастырылып, ауыл тұрғындары жоғары азаматтық белсенділік танытуда, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Сайлауға қатысу – әрбір азаматтың конституциялық құқығы әрі жергілікті қауымдастықтың дамуына тікелей ықпал ету мүмкіндігі. Қайнар ауылдық округінің тұрғындары таңертеңнен бастап сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасауда. Тұрғындардың мұндай ұйымшылдығы өңірдегі саяси мәдениеттің артқанын және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін нығайтуға деген ұмтылысты көрсетеді.





