23 тамыз күні Достық станциясының қызметкерлерінің Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуын қамтамасыз ету мақсатында сайлау учаскесіне бару үшін арнайы көлік тасымалы ұйымдастырылады.
Қызметкерлерге сайлау учаскесіне уақытылы әрі қолайлы жетуіне мүмкіндік жасау үшін арнайы көлік бөлінеді. Көлік 23 тамыз – Құрылтай сайлауының брендтік логотипімен арнайы безендіріліп, сайлау күні қызметкерлерді тасымалдауға қызмет етеді.
Аталған бастама қызметкерлердің азаматтық белсенділігін арттыруға, сайлау процесіне қатысуға қолайлы жағдай жасауға және 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарын сайлаудың маңыздылығын кеңінен насихаттауға бағытталған.
Достық станциясы қызметкерлерді өз азаматтық құқықтарын пайдаланып, сайлау учаскесіне барып, дауыс беруге шақырады.
23 тамыз – өз таңдауыңды жаса!





