Қамысқала ауылдық округіндегі №63 сайлау учаскесіне жергілікті «Олжас» шаруа қожалығының 30 балықшысы бір уақытта келіп, өз азаматтық таңдауын жасады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Жергілікті кәсіпті нәсіп еткен балықшылар қауымының ұйымшылдықпен келуі – өңірдегі қоғамдық белсенділіктің жарқын үлгісі. Еңбек ұжымының мұндай қадамы жергілікті өзін-өзі басқару ісіне араласуға, ауылдық аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беруге бағытталған. Өңірлік экономиканың тірегі саналатын шаруашылық өкілдері өз дауыстарын беру арқылы туған өлкедегі оң өзгерістерге деген сенімдерін білдірді.
Сайлау өткізу ережелері, дауыс беру құқықтары мен ұйымдастыру тәртібі туралы жан-жақты ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурсынан алуға болады.





