15603 әскери бөлімінің сарбаздары, рота командирлері мен сержанттары №147 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауларын жасады.
Әскери бөлім Балпық ауылдық округінің аумағында орналасқандықтан, ел болашағына бейжай қарамайтын, антына адал әскери қызметшілер осы округтегі сайлау учаскесінде дауыс берді.
Құрылтай жұмысына белсенділік танытып, азаматтық ұстанымдарын білдірген сарбаздар ел өміріндегі маңызды саяси науқанға өз үлестерін қосты. Әскери қызметшілердің сайлауға ұйымшылдықпен қатысуы – Отанға деген адалдық пен азаматтық жауапкершіліктің жарқын көрінісі.





