Ақсу ауданы Жансүгіров ауылындағы №3 сайлау учаскесіне бір отбасының үш буыны – әже, ана және келін бірге келіп, Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысты.
Отбасының үлкені, орта буын және жас буын өкілдерінің бірге дауыс беруі – ұрпақтар сабақтастығы мен отбасылық бірліктің жарқын көрінісі.
«Бүгін біз үш буын болып сайлау учаскесіне бірге келдік. Әрқайсымыз өз таңдауымызды жасадық. Үлкен буын ретінде жастарға үлгі болып, олардың ел болашағына белсенді араласқанын қалаймыз. Еліміз аман, болашағымыз жарқын болсын», – деді отбасының үлкені Алтынай апа.
Ал жас буын өкілі үшін бұл күннің орны ерекше:
«Үлкендерімізден елге деген жауапкершілікті үйреніп келеміз. Бүгін отбасы мүшелерімен бірге дауыс беріп, өз таңдауымызды жасағанымызға қуаныштымыз», – деді келіні Алтынай.
Үш буын. Бір отбасы. Ортақ құндылық. Ортақ жауапкершілік.
«Жетісу-Ақпарат»





