Талдықорған: +30°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ТАНЫМАЛ АРМИЯ СПОРТШЫЛАРЫН МАРАПАТТАДЫ

17.12.2024
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ТАНЫМАЛ АРМИЯ СПОРТШЫЛАРЫН МАРАПАТТАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл армия спортшылары Ғұсман Қырғызбаев, Ислам Сәтбаев, Демеу Жадыраев және Нариман Құрбанов елімізді әлемге әйгілі етті. Парижде өткен Олимпиададағы жеті медальдың төртеуін Армия орталық спорт клубының өкілдері еншілеген болатын.


Генерал-полковник Руслан Жақсылықов CISM халықаралық әскери-спорттық ұйымымен байланыстың қайта жандануын оң бағалап, келесі жылы ол басқармадан бізге бір орын берілетінін мәлімдеді.

– Екі жыл қатарынан әскери қызметшілеріміз республикалық «Қазақстан барысы» турнирінде жеңіске жетті. Келесі жылы АОСК шеңберінде біз осы спорт түрінен әлем чемпионатын өткіземіз. Оған қоса, Жоғарғы Бас қолбасшы әскери спорт колледжін құру туралы шешімімізді қолдады. Бұл Қарулы күштер үшін де, мемлекетіміз үшін де спортты дамытудың тағы бір қадамы. Жастардың лайықты білім алуы және болашақта спортта жоғары жетістіктерге жетіп, өз әлеуетін іске асыруы үшін жағдай жасаймыз, – деп атап өтті министр.

Қорғаныс ведомствосының басшысы АОСК басшылығының алдына бірқатар міндеттер қойды. Олардың қатарында қазақ күресі, самбо, жауынгерлік самбо және регбиді дамыту да бар. Генерал-полковник Руслан Жақсылықов бұдан бөлек Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына жүз жыл толуына арналған спорттық іс-шараларды сапалы ұйымдастыру қажеттігіне де тоқталды.

Кездесу соңында Қорғаныс министрі АОСК спортшыларын, команда бастықтарын, жаттықтырушылар мен спорт ротасының әскери қызметшілерін марапаттады. «Ел қорғаны» медалі аға лейтенант Марат Байқамұровқа, Қарулы Күштердің қызметкері Нариман Құрбановқа, ефрейтор Нұрқожа Қайпановқа, кіші сержант Жәмила Бақбергеноваға және капитан Зәмзәгүл Файзолановаға табысталды. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің үздігі» белгісіне қатардағы жауынгерлер Асан Сәлімов, Абдулла Мусин, Әлімхан Сыздықов, ефрейтор Мейіржан Әшіров және Қарулы Күштердің қызметкері Камиль Куруглиев ие болды. Қарулы Күштердің қызметкері Ангелина Лукас министрдің грамотасын алды, ал атаулы сағаттар – подполковник Атахан Нұридиновке, лейтенант Асан Мәмбетқұловқа, капитан Ғұмар Қырғызбаевқа, Қарулы Күштердің қызметкерлері Камал Гаджимагомедовке пен Нұрым Дүйсеновке берілді.

Оқу-әдістемелік жиын аясында Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектері мен жоғары оқу орындарының дене шынықтыру даярлығы және спорт мамандарының қызметінің қорытындысы шығарылды.

Қатысты жаңалықтар

Тартысқа толы чемпионат

Тартысқа толы чемпионат

04.07.2026
Дала қыраны қалықтайды

Дала қыраны қалықтайды

04.07.2026
Қалбырдағы сусынның қаупі қандай?

Қалбырдағы сусынның қаупі қандай?

04.07.2026
Бюджетке өзгеріс енгізілді

Бюджетке өзгеріс енгізілді

04.07.2026
«Тіршілік көзін» тұтынған

«Тіршілік көзін» тұтынған

04.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.