Қала тұрғындарын ерекше тәтті өнімдерімен қуантып жүрген «Zhazilya» кондитерлік цехының өкілі Талдықорған қаласындағы №422 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай депутаттарын сайлауда өз таңдауын жасады.
Кондитер бұл күнге ерекше дайындықпен келіп, өз қолымен салмағы 3 келі болатын арнайы торт әзірлеп, сайлау учаскесіне тарту етті.
– Бүгін мен де өз таңдауымды жасап, азаматтық ұстанымымды білдірдім. Осы күнге орай арнайы торт дайындап әкелдім. Бұл – ел өміріндегі маңызды күнге деген құрметім мен ізгі ниетімнің белгісі, – деді «Zhazilya» кондитерлік цехының кондитері Равиля Шафикова.
Осылайша, Равиля Тафикова дауыс беруге қатысып қана қоймай, өз қолымен әзірлеген ерекше тартуы арқылы сайлау учаскесіне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.





