Талдықорған: +29°C
$ 462.31
€ 536.09
₽ 5.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісудың рухани шамшырағы

31.08.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР, КҮНДЕРЕК
Жетісудың рухани шамшырағы
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу өңірі, Талдықорған қаласында бой көтерген «Тіл сарайы» – еліміз бойынша баламасы жоқ, ана тіліміздің айбыны мен айбатын асқақтатып тұрған бірегей рухани орталық.

Аталған ғимаратта «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы – мемлекеттік тілді үйрету, тілдік ортаны қалыптастыру, әдістемелік сүйемелдеу және қазақ тілін насихаттау бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде.

«Жетісу облысының Ішкі саясат басқармасы» ММ «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы КММ  басшысы Жеңіс Хамитұлының жетекшілігімен аймақтағы    орталық жұмысы тек Талдықорған қаласымен шектелмейді. Оның аудандық және қалалық филиалдары арқылы өңірдің әр аймағында тіл үйрету жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі ресми тізімде: Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандары мен Текелі қаласының филиалдары көрсетілген.

Бұл – мемлекеттік тілді үйрету ісінің өңірлік деңгейде жүйелі жолға қойылғанының айқын көрінісі.

Орталық пен оның филиалдарында мемлекеттік тіл сабақтары, іс қағаздарын жүргізу курстары, тілдік дағдыларды жетілдіруге арналған түрлі клубтар мен танымдық жобалар ұйымдастырылады.

Солардың қатарында тіл үйренушілердің сөйлеу дағдысын қалыптастыруға бағытталған «Қазақша сөйлейік» клубының орны ерекше. Мұнда қатысушылар күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріп қана қоймай, өз ойын қазақ тілінде еркін жеткізуге машықтанады.

Ал өскелең ұрпақтың бойына ұлттық салт-дәстүр мен рухани құндылықтарды сіңіру мақсатында «Ұлттық құндылық» клубтары жұмыс жүргізеді. Мұндай жобалар тіл үйрету ісін ұлттық тәрбие және рухани жаңғыру үдерісімен ұштастыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік тілді меңгеру – грамматикалық ережелерді жаттап алумен ғана шектелмейді. Ең маңыздысы – үйренген тілді күнделікті қарым-қатынаста қолдану. Сондықтан орталық мамандарының басты ұстанымдарының бірі – тыңдаушыға қазақ тілінде сөйлеуге мүмкіндік беру, оның тілдік ортаға бейімделуіне жағдай жасау.

Сөз қадірін ұғындырған айдарлар

Тілді насихаттаудың заманауи жолдарын ұтымды пайдалану да орталық қызметінің маңызды бағытына айналып отыр.

Қазақ тілінің бай сөздік қорын, сирек кездесетін фразеологизмдер мен қызықты тілдік деректерді көпшілікке қарапайым әрі тартымды түрде таныстыратын «Сіз білесіз бе?» айдары оқырманның тілге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Ал «Сөз түзер» айдарында күнделікті өмірде, бұқаралық ақпарат құралдарында және ресми құжаттарда жиі кездесетін орфографиялық, стилистикалық қателер талданып, олардың дұрыс нұсқалары ұсынылады. Бұл – сауатты жазу мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін пайдалы бастама.

Сонымен қатар «Сөздік» айдары арқылы жаңа терминдер, заманауи ұғымдар мен кәсіби сөздердің мағынасы түсіндіріліп, тіл үйренушілердің сөздік қоры толықтырылады.

Мұндай жобалардың құндылығы – тіл мәселесін күрделі ғылыми терминдермен емес, көпшілікке түсінікті әрі қызықты мазмұн арқылы жеткізуінде.

«Қазақша сөйлеу тренд»: тіл үйренуге жаңа серпін

Қазіргі таңда жастардың басым бөлігі ақпаратты әлеуметтік желілер арқылы қабылдайтыны белгілі. Осы мүмкіндікті тиімді пайдалану мақсатында мемлекеттік тілді жаңадан меңгеріп жүрген өзге этнос өкілдері мен отандастарымызға қолдау көрсетуге бағытталған «Қазақша сөйлеу тренд» челленджі қолға алынған.

Челлендж аясында қазақ тілінде сөйлеуге ынталандыратын сапалы, танымдық әрі қызықты бейнематериалдар әзірленіп, әлеуметтік желілердегі арнайы парақшаларда жариялануда.

Ғылыми серіктестік пен кәсіби байланыс

Қазақ тіл білімінің іргелі ғылыми орталығы – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтымен қалыптасқан кәсіби байланыстың мәні айрықша.

Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Тілді оқыту үдерістерін жаңарту: оқыту нысандары, әдістері мен сапаны бағалау» атты біліктілікті арттыру курсында тіл мамандары заманауи оқыту тәсілдерімен танысып, тәжірибе алмасты.

Курсқа Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты А. Фазылжан қатысып, «Ұлттық тілдік-мәдени кодтарды үйрету – тіл оқыту әдістемесінің креативті өзегі» тақырыбында дәріс өткізді.

Курстың екінші бөлігінде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Этнолингвистика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Е. Өтебаева «Қазақ тілі ұлттық корпусы мәдени-репрезентативті ішкорпусының лингводидактикалық әлеуеті» тақырыбында сабақ жүргізді.

2026 жылғы 28 сәуірде Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтымен бірлескен «Қазақтілді тілтанымдық контент пен цифрлық ресурстар» атты аймақтық семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында Жетісу университеті мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Сонымен қатар Алакөл және Жаркент өңірлерінде институт өкілдерімен тағылымды кездесулер ұйымдастырылып, тіл саласындағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.

Аудандық деңгейдегі мұндай кездесулердің маңызы ерекше. Себебі әр өңірдің тілдік ортасы мен тіл үйренушілерінің сұранысы әртүрлі. Сондықтан ғылыми-әдістемелік бағыттағы жұмыстардың жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып жүргізілуі нәтижелі болмақ.

Сұраныс пен нәтиже: Сандар сөйлейді

2025 жылдың қорытындысы бойынша облыс көлемінде тіл үйрету курстарына жазылған жалпы тыңдаушылар саны 4 940 адамды құрады. Бұл өңір тұрғындарының ана тілімізді меңгеруге деген ықыласының жылдан-жылға артып келе жатқанының дәлелі.

Жылдық көрсеткіштің ішіндегі негізгі бағыттар:

Мемлекеттік тіл (қазақ тілі) курсы бойынша: 4 084 тыңдаушы;

Ағылшын тілі курсы бойынша: 856 тыңдаушы білім алды.

Жетісу облысы бойынша  бойынша 140 белсенді топ (қазақ тілі – 110, ағылшын тілі – 30) жұмыс істеп, қысқа мерзімде 2 163 адамды қамтыған. Орталық тек мемлекеттік қызметшілерді ғана емес (502 адам), сонымен қатар 924 бюджеттік сала мамандарын (мұғалімдер, дәрігерлер) және 737 жеке тұлғаны (тұрғындар мен кәсіпкерлерді) ақысыз негізде  меңгерді.

Этникалық топ өкілдері тіл үйренушілердің 32%-ын (1 525 адам) қатысты.

2026 жылдың I жартыжылдығында мемлекеттік және ағылшын тілі бойынша  мыңдаған тыңдаушы тілдік білімін жетілдірді.

Курсқа қабылданғандар саны – 2591 тыңдаушы. Оның ішінде: қазақ – 1775 адам (68,2%) өзге этнос өкілдері – 816 адам (31,8%).

Мемлекеттік тіл курсын аяқтағандар – 2135 тыңдаушы. Қазақ – 1356 адам (63,5%) өзге этнос өкілдері – 779 адам (36,5 %)

Ағылшын тілі курсын тәмамдағандар – 456 тыңдаушы. Қазақ  –  419 адам (92%) этнос өкілдері  – 37 адам (8%)

Қазақ тілінің келешегі оның қаншалықты жиі айтылатынымен ғана емес, қаншалықты қажет тілге айналғанымен айқындалады. Ал мемлекеттік тіл әр азаматтың кәсіби және қоғамдық өмірінің табиғи бөлігіне айналған кезде ғана оның тұғыры одан әрі биіктей түседі.

Тілге жасалған бүгінгі еңбек – елдің ертеңгі тұтастығына қаланған негіз.

Қазақ тілі – көркем тіл.

 

А. Шағырбаева
«Жетісу облысының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
«Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» КММ
Кербұлақ аудандық филиалының оқытушысы

Қатысты жаңалықтар

Жетісудың рухани шамшырағы

Жетісудың рухани шамшырағы

31.08.2026
Бастауыш сыныптарда жаңа бағалау жүйесі енгізіледі

Бастауыш сыныптарда жаңа бағалау жүйесі енгізіледі

31.08.2026
«Ұмай» ипотекасы: Әйелдер баспананы қандай шарттармен ала алады?

«Ұмай» ипотекасы: Әйелдер баспананы қандай шарттармен ала алады?

31.08.2026
Аида Балаева Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Аида Балаева Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды

31.08.2026
Олжас Бектенов Үкімет басшысы лауазымында қалды

Олжас Бектенов Үкімет басшысы лауазымында қалды

31.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.