Талдықорған: +29°C
$ 462.31
€ 536.09
₽ 5.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Қанты қызылшасын қабылдауға дайын

03.09.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қанты қызылшасын қабылдауға дайын
WhatsAppTelegramFacebook

Қант қызылшасы – аймақта ауыл шаруашылығы үшін маңызды дақылдардың бірі. Оның мол өнім беруі шаруалардың еңбегі мен ауа райының қолайлы болуына тікелей байланысты. Қазіргі таңда шаруалар қант қызылшасын жинау науқанына жан-жақты дайындық істерін жүргізуде. Егіс алқаптарындағы техникалардың әзірлігі тексеріліп, жинау жұмыстарына қажетті құрал-жабдықтар ретке келтірілуде. Диқандар да биылғы өнімді ысырапсыз жинап-теріп, белгіленген мерзімде өткізуге күш салуда.

Осыған орай Көксу ауданының әкімі Дәулет Халелов ауыл шаруашылығы саласына жауапты мамандармен бірге Көксу қант зауытының қант қызылшасы өнімін қабылдауға дайындығын тексерді. Зауыт өкілдерінің айтуынша, кәсіпорын 15 қыркүйектен бастап биылғы қант қызылшасы өнімін қабылдауға әзір тұр. Қазіргі таңда науқанды ұйымдасқан түрде өткізу үшін қажетті техникалар мен құрал-жабдықтар толық дайын.

Атап айтқанда, кәсіпорында бағалы дақылды қабылдауға арналған 5 арнайы машина, өнім өлшейтін 3 таразы, сондай-ақ, қызылшаның сапалық көрсеткіштерін анықтайтын зертхана бар. Бұл құрал-жабдықтардың үздіксіз жұмыс істеуі өнім қабылдау науқанының тиімді әрі жүйелі өтуі үшін маңызды. Аудан әкімі жұмыс барысында техникалық құралдардың әзірлігіне, өнім қабылдау үдерісін дұрыс ұйымдастыруға және шаруалар үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударды.

Сала қызметкерлеріне науқан кезінде туындауы мүмкін мәселелердің алдын алып, жұмыстарды үйлесімді жүргізу жөнінде тиісті тапсырмалар берілді. Қызылшаны уақытылы қабылдау, сапасын дұрыс анықтау және сақтауды ұйымдастыру шаруалар үшін де, өңірдің агроөнеркәсіптік кешені үшін де үлкен маңызға ие. Биыл кәсіпорында жиналған өнімді сақтау үшін жалпы көлемі 9 гектарды құрайтын кагат алаңы қарастырылған. Мұндай алаңның жеткілікті болуы жиналған тәтті түбірді тиісті жағдайда сақтап, оны өндірістік үдеріске кезең-кезеңімен бағыттауға мүмкіндік береді.

Қант зауыты үшін науқанның тағы бір маңызды қыры – жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту. Мәліметке сәйкес биылғы тәтті түбірді қабылдау және өңдеу кезеңінде кәсіпорында 470 адам жұмыспен қамтылады. Бұл маусымдық жұмыс орындарының ашылуына және аудан тұрғындарының еңбекпен қамтылуына оң әсер етпек. Ендігі кезекте, еңбегі мен маңдай терін жерге сіңірген шаруалар үшін өсірілген өнімнің уақытылы қабылданып, сапалы өңделуі аса маңызды.

Сондықтан, алдағы қант қызылшасын қабылдау науқаны кезінде зауыт мамандары мен шаруалардың өзара үйлесімді жұмысы басты назарда болмақ. Өйткені даладағы мол өнімді дер кезінде жинап, оны сапалы өңдеу – ауыл шаруашылығы еңбегінің нәтижесін еселеуге мүмкіндік беретін маңызды тетік. Көксу қант зауытының биылғы науқанға дайындығы – өңірде қант қызылшасы өндірісін дамытуға, шаруалардың еңбегін қолдауға және ауыл шаруашылығы саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Көшпенділер ойыны: Қазақ спортшылары екі алтын медаль еншіледі

Көшпенділер ойыны: Қазақ спортшылары екі алтын медаль еншіледі

03.09.2026
Талдықорғанда «Al-Farabi STEM Academy» бастауыш мектебі ашылды

Тиісті көмек көрсетілді

03.09.2026
Талдықорғанда әлеуметтік бизнес өкілдеріне жаңа мүмкіндіктер ашылды

Талдықорғанда әлеуметтік бизнес өкілдеріне жаңа мүмкіндіктер ашылды

03.09.2026
Елімізде 4 мыңға жуық тазы тіркелген

Елімізде 4 мыңға жуық тазы тіркелген

03.09.2026
3 қыркүйек – қазақ тазысы күні

3 қыркүйек – қазақ тазысы күні

03.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.