Талдықорған: +29°C
$ 462.31
€ 536.09
₽ 5.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

3 қыркүйек – қазақ тазысы күні

03.09.2026
КҮНДЕРЕК
3 қыркүйек – қазақ тазысы күні

mydog.press

WhatsAppTelegramFacebook

Елімізде 3 қыркүйек ресми түрде Қазақы тазы күні болып атап өтіледі. Бұл мереке Үкіметтің 2026 жылғы 15 сәуірдегі қаулысымен ұлттық ит тұқымын сақтау, қорғау және кеңінен насихаттау мақсатында бекітілді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Аталған күннің таңдалуы тегін емес. 2024 жылғы 3 қыркүйекте Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) қазақы тазыны алдын ала негізде ресми танып, № 372 стандартын бекітті. Сонымен бірге Қазақстан тазының шыққан елі ретінде тіркелді.

Қазақы тазы – дала өркениетінің, ұлттық болмыс пен мәдениеттің айрықша символы. Бабаларымыз тазыны ерекше жүйріктігі, ақылдылығы, сезімталдығы үшін Жеті қазынаның біріне балап, төрге шығарған. Парсы тілінен аударғанда «тазы» сөзі «епті, шапшаң, жүйрік» деген мағынаны білдіреді.

Ауыр нәубет жылдары аң аулап, бүтіндей бір ауылдарды аштықтан аман алып қалған бұл жануардың халық жадындағы орны бөлек. Бүгінде асыл тұқымды сақтау ісі жаңа деңгейге көтерілді. Бұрын тазы ұстау тек ауылдағы аңшыларға тән әуесқойлық болса, қазір бұл іске ұлттық құндылықты жаңғырту деп қарайтын азаматтар көбейіп келеді.

Алматы өңірінің тұрғыны, 40 жылға жуық тәжірибесі бар кәсіби тазы өсіруші Мұрат Жанспейісов бұл салада сәтті еңбек етіп жүр.

«Кішкентайымыздан әкем ауылда тазы ұстады. Содан қызығып, есейе келе тазы өсіруді кәсіпке айналдырдым. Қазір оларды басқа будандардан бірден ажырата аламын. Өзіміздің негізгі тұқымдарымыз бар, соларды будандастырып, асылдандырумен айналысып жатырмыз», – деді Мұрат Жанспейісов.

Кәсіби маманның айтуынша, тазының басты ерекшелігі – өте жоғары тектілігі, сабырлығы мен адамға бауырмалдығы. Ол ешқашан арамдыққа бармайды, ортада өзін сабырлы ұстайды.

Тазыларды баптау да ерекше тәсілді талап етпейді. Мұрат Жанспейісовтің Челси есімді тазысы 2026 жылғы 2-7 маусымда Италияның Болонья қаласында өткен World Dog Show 2026 халықаралық көрмесінде 4-орынды иеленді.

«Тазылар табиғатынан аңшылыққа, жүйріктікке дайын тұрады. Оларды арнайы жүгіртіп, ауыр жаттығулармен қинаудың қажеті жоқ. Негізгі талап – тамағын уақытылы беру. Ең маңыздысы – тазыны ұруға болмайды. Оған балаңа қарағандай мейіріммен, жауапкершілікпен қарау керек», – деп атап өтті маман.

Бүгінде елімізде тазының таза тұқымын көбейту, оны халықаралық деңгейде популяризациялау бағытында кешенді жұмыстар жүріп жатыр. Қазақы тазы күнінің мемлекеттік деңгейде белгіленуі бұл асыл тұқымды жойылып кетуден сақтап, оның далалық тектілігін келешек ұрпаққа аманаттаудың маңызды қадамы саналады.

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда «Al-Farabi STEM Academy» бастауыш мектебі ашылды

Тиісті көмек көрсетілді

03.09.2026
Талдықорғанда әлеуметтік бизнес өкілдеріне жаңа мүмкіндіктер ашылды

Талдықорғанда әлеуметтік бизнес өкілдеріне жаңа мүмкіндіктер ашылды

03.09.2026
Елімізде 4 мыңға жуық тазы тіркелген

Елімізде 4 мыңға жуық тазы тіркелген

03.09.2026
3 қыркүйек – қазақ тазысы күні

3 қыркүйек – қазақ тазысы күні

03.09.2026
Елімізде Қытайдың қатысуымен жаңа жобалар жүзеге аспақ

Елімізде Қытайдың қатысуымен жаңа жобалар жүзеге аспақ

03.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.