Талдықорған: +29°C
$ 462.31
€ 536.09
₽ 5.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Заң мен тәртіп»: Жетісуда «Жас сақшы» жас сарбаздар сыныбы ашылды

03.09.2026
КҮНДЕРЕК
«Заң мен тәртіп»: Жетісуда «Жас сақшы» жас сарбаздар сыныбы ашылды

Қанат Өмірәлинов

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының мектептерінде Білім күні «Жас сақшы» жас сарбаздар сыныптары ашылды. «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында жүзеге асырылып жатқан жоба өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, патриоттық сезімі мен азаматтық жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ жастардың құқық қорғау органдарындағы қызметке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Білім күні «Жас сақшы» сыныптары Ескелді ауданы Елтай ауылындағы С. Сейфуллин атындағы орта мектепте, Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылындағы Күреңбел қазақ орта мектебінде, Қаратал ауданы Достық ауылындағы Б. Римова атындағы мектеп-гимназияда және Көксу ауданы Жамбыл ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектепте ашылды.

Күрделі жөндеуден кейін пайдалануға берілген С. Сейфуллин атындағы мектепте мамандандырылған сыныптың салтанатты ашылуына облыстық Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Сарқытбай Құсайынов қатысты. Ол «Жас сақшы» сыныбының оқушыларына патриоттық мазмұндағы кітаптар табыстады. Салтанатты жиын барысында «Жас сақшы» қатарына қабылданған оқушылардың ант беру рәсімі өтті. Мектеп оқушылары тәртіпті сақтауға, білімге ұмтылуға және Отанды сүюге ант берді.

Ал Елтай орта мектебінде ашылған жаңа сынып – Жетісу облысындағы тоғызыншы «Жас сақшы» сыныбы. Мұнда 8 «А» сыныбының 24 оқушысы білім алады. Сынып жетекшісі, химия пәнінің мұғалімі Гүлмира Қабылашева тәрбиеленушілерінің басым бөлігі оқу озаттары мен жақсы оқитын оқушылар екенін атап өтті. Ол оқушылар мектеп басшылығы мен ішкі істер органдарындағы аға тәлімгерлерінің өздеріне артқан үмітін ақтайтынына сенім білдірді.

Біздің басты мақсатымыз – заңды құрметтеуді, Отанға деген сүйіспеншілікті және «Заң және тәртіп» қағидатын өмірлік маңызды бағдар ретінде қабылдайтын білімді, тәртіпті әрі жауапты жас азаматтарды тәрбиелеу. Бұл ретте «Жас сақшы» сыныбының маңызы зор. Сонымен қатар бұл сынып бірқатар оқушылардың болашақ мамандық таңдауына жасалған алғашқы қадам деуге болады, – дейді ол.

«Жас сақшы» сыныбының оқушысы Айзере Жүсіпқан өз ойын білдірді.

Менің әкем – полиция қызметкері. Бала кезімнен оның формасына, жинақылығына қызығып, әкем сияқты болуды армандадым. Бүгін бұл арманыма бір қадам жақындап, «Жас сақшы» сыныбының оқушысы атандым. Бізге бұл сыныпта білім алу Полиция академиясына түсу кезінде белгілі бір артықшылықтар беретінін түсіндірді. Бұған өте қуаныштымын. Ендігі мақсатым – жақсы оқу, болашақта әкемнің жолын қуып, Отан игілігі үшін қызмет ету, – деді ол.

Жалпы, Білім күні Жетісу облысында осындай төрт арнайы сынып ашылды. Бүгінде жобада облыстағы 9 мектептің 210 оқушысы қамтылған. Оның 4-еуі Талдықорған қаласында орналасқан. Құқықтық тәрбие аясында полиция қызметкерлері оқушыларға қауіпсіздік, құқық бұзушылықтың алдын алу және заңдылықты сақтау мәселелеріне арналған тақырыптық әрі профилактикалық сабақтар өткізеді.

Қатысты жаңалықтар

Қазақ тілінің иммунитеті

Ертеңін ойлаған ел азбайды

03.09.2026
Көркемсөздің Күнсаясы

Көркемсөздің Күнсаясы

03.09.2026
Саятшылықтың сарқытын сақтаған

Саятшылықтың сарқытын сақтаған

03.09.2026
Қазақстан мен Лаос ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілді

Қазақстан мен Лаос ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілді

03.09.2026
АХҚО мен Лаос серіктестігі: Қазақстанға жаңа инвестиция тартылады

АХҚО мен Лаос серіктестігі: Қазақстанға жаңа инвестиция тартылады

03.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.