Талдықорған: +6°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Әлеуметтік қызметкерлерге жаңа талап: Біліктілік қалай бағаланады?

7 қыркүйек 2026
КҮНДЕРЕК
Әлеуметтік қызметкерлерге жаңа талап: Біліктілік қалай бағаланады?

ОКҚ

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда әлеуметтік сала мамандарының кәсіби даярлығын күшейтуге бағытталған бірыңғай жүйе белсенді жетілдіріліп жатыр, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Бүгінде елде 12 мыңға жуық әлеуметтік қызметкер еңбек етеді. Олардың біліктілігін арттыру, кәсіби құзыретін бағалау және кадр тапшылығын алдын ала анықтау мақсатында бірқатар жаңа тетіктер енгізілді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, мамандардың 1 251-і үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істейді. Қызметкерлердің басым бөлігі, яғни 55,5%-ы ауылдық жерлерде, ал 44,5%-ы қалаларда қызмет атқарады. Негізгі жүктеме үй жағдайында көмек көрсетуге түседі: бұл бағытта 9 532 маман (86,5%) еңбек етуде. Сонымен бірге стационарлық ұйымдарда – 1 020, жартылай стационарлық мекемелерде – 998, уақытша болу орындарында 451 маман орныққан.

Мамандардың білім деңгейіне келсек, 6 410 қызметкердің (53,2%) жоғары білімі бар. Тағы 3 633 адам орта кәсіптік, 1 833 маман орта білімге ие, ал 125 әлеуметтік қызметкер магистр дәрежесін алған.

Қызмет сапасын көтеру үшін арнайы кәсіби стандарттар бекітілді. Мамандар Enbek Skills платформасы арқылы цифрлық сүйемелдеу, инклюзивті тәсілдер мен жағдайларды басқару бағыттары бойынша білімін жетілдіріп жатыр. Қазірдің өзінде 12 мың қызметкер оқудан өтті.

2025 жылдан бері елімізде Әлеуметтік қызметкерлер тізілімі жұмыс істейді. Онда мамандардың кәсіби құзыреті туралы ақпарат жинақталады. Сонымен қатар біліктілікті ресми тану тетігі іске қосылған. 2025 жылы 2 290 маман, ал 2026 жылғы 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша тағы 1 161 қызметкер бұл рәсімді сәтті аяқтады. Екі жылда 3 451-ден астам маман кәсіби деңгейін растап, тиісті сертификат алды. Бұл құжат аттестаттау мен біліктілік санатын беру кезінде басты негіз саналады.

Талдау нәтижесі саладағы кейбір түйткілдерді көрсетті. Қызметкерлердің орташа жасы үлкейіп, жастардың келуі азайған, өңірлерде кадрмен қамту деңгейі де әркелкі.

Бұл мәселелерді шешу үшін біліктілікті тану орталығын құру және ұлттық даму моделін енгізу жоспарланып отыр. Жаңа орталық мамандардың деңгейін тәуелсіз бағалап, кадр тапшылығы бар бағыттарды анықтайды. Еліміздегі 12 бейінді жоғары оқу орны базасында қайта даярлау курстары ұйымдастырылған.

Қатысты жаңалықтар

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

19 қараша 2026
Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

19 қараша 2026
Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

19 қараша 2026
«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

19 қараша 2026

Елімізде 44 жаңа мектеп пен 37 балабақша пайдалануға берілді

18 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.