Талдықорған: +32°C
$ 456.89
€ 531.36
₽ 5.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Тарихтан тағылым, жаңашылдыққа бағыт

10.09.2026
КҮНДЕРЕК
Тарихтан тағылым, жаңашылдыққа бағыт

Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанда мемлекеттік тілдің бүгінгі ахуалы мен болашағына қатысты маңызды мәселелер талқыланған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. «Мемлекеттік тіл және тілдік тұлғаны қалыптастыру моделі: тарих, инновация, әдістеме» тақырыбындағы басқосуды облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.

Конференция тізгінін «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Жеңіс Жолдыбаев ұстап, қатысушыларға ізгі тілегін білдірді. Қонақтарға сөз кезегін берді.

Жиынның ашылуында Жетісу облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ермек Ақшабаев сөз сөйлеп, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

– Құрметті конференция қатысушылары, қадірлі тіл жанашырлары. Бүгінгі басқосу мемлекеттік тілдің қоғамдағы орны мен қолданыс аясын кеңейту мәселелерін жаңа қырынан қарастыруға мүмкіндік беріп отыр. Мемлекеттік тіл – халқымыздың тарихи жадын, рухани болмысын және елдік тұтастығын сабақтастыратын аса маңызды құндылық. Конференция жұмысына қатысып отырған баршаңызға алғыс айтамын. Жетісу жеріндегі бүгінгі ғылыми басқосу мазмұнды пікірлерге, жаңа ізденістерге және нақты нәтижелерге бастасын. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі биіктеп, қолданыс аясы кеңейе берсін, – деді ол.

Конференцияның пленарлық мәжілісінде мемлекеттік тілдің тарихи қалыптасуы мен даму үдерістері, тіл мен ұлттық құндылықтардың сабақтастығы, тілдік тұлғаны қалыптастырудың тиімді жолдары, тіл үйретудің заманауи әдістемесі кеңінен сөз болды.

Алғашқы баяндаманы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, PhD Айна Рахимова жасады. Ол жоғары білім беру жүйесіндегі қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті бағыттары жөніндегі ойларын ортаға салды. Ал Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының магистрі Қымбат Берікұлы тіл білімінің ғылыми негіздеріне тоқталып, мемлекеттік тілдің дамуына қатысты өзекті мәселелерді саралады. Өз кезегінде Қарағанды облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры, PhD докторант Алмагүл Игенова тіл үйрету сапасын арттыруға бағытталған заманауи әдістемелер мен тәжірибелік тәсілдер туралы баяндама жасаса, Ескелді аудандық филиалының меңгерушісі, PhD докторант Әйгерім Молдабаева өңірлік деңгейдегі мемлекеттік тілді оқыту және әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.

Пленарлық мәжілістен кейін қатысушылар баяндамашыларға сұрақ қойып, өзара пікір алмасты. Ғылыми орта мен практик мамандар арасындағы ашық пікір алмасу конференцияның мазмұнын тереңдете түсті.

Басқосу жұмысы үш секция бойынша жалғасты. Бірінші секцияда «Мемлекеттік тілдің тарихи қалыптасуы мен даму үдерістері» тақырыбы қарастырылса, екінші секцияда «Тіл, тұлға және ұлттық құндылықтар: тәрбие мен мәдениет сабақтастығы» мәселелері талқыланды. Үшінші секция «Тіл үйретудегі инновациялық технологиялар: жасанды интеллект және заманауи әдістеме» бағытына арналды.

Әсіресе тіл үйрету үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін енгізу мәселесі бүгінгі уақыт талабымен үндесті. Өйткені тілдің болашағын сақтау оның дәстүрлі негізін берік ұстана отырып, жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдалана білумен де сабақтас.

Секция жұмыстарында айтылған ойлар мен ұсыныстар қорытындыланып, қатысушыларға сертификаттар мен дипломдар табысталды.

Конференция соңында Жеңіс Жолдыбаев жиынға арнайы келген ғалымдар мен мамандарға, оқытушыларға, тіл жанашырларына алғыс білдірді.

Мемлекеттік тілдің болашағы оның қағаз жүзіндегі мәртебесімен ғана өлшенбейді. Тілдің шынайы өміршеңдігі оны еркін меңгеріп, күнделікті тұрмысында, кәсіби қызметінде және қоғамдық ортада табиғи қолданатын тілдік тұлғаның қалыптасуымен айқындалады. Ал тілдік тұлға қалыптастыру ұзақмерзімді, жүйелі әрі үздіксіз еңбекті қажет етеді. Сондықтан мұндай ғылыми алаңдардың мәні де осында. Мұнда айтылған ойлар бір күндік жиынның аясында қалып қоймай, білім беру мен тіл үйрету тәжірибесіне еніп, мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметін кеңейтуге қызмет етуі тиіс.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Шеберлік сыналған шахмат додасы

Шеберлік сыналған шахмат додасы

10.09.2026
Тарихтан тағылым, жаңашылдыққа бағыт

Тарихтан тағылым, жаңашылдыққа бағыт

10.09.2026
Шекара шебіне шақырады

Шекара шебіне шақырады

10.09.2026
Талдықорған мен Үштөбені жалғайтын жол жаңартылды

Талдықорған мен Үштөбені жалғайтын жол жаңартылды

10.09.2026
Су үнемдеудің тиімді үлгісі

Су үнемдеудің тиімді үлгісі

10.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.