Талдықорған: +32°C
$ 456.89
€ 531.36
₽ 5.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Су үнемдеудің тиімді үлгісі

10.09.2026
КҮНДЕРЕК
Су үнемдеудің тиімді үлгісі

qazdauiri.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Биыл облыс бойынша қант қызылшасының егістік алқабы 13,5 мың гектарды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,3 мың гектарға артық.  Көксу қант зауытына өнім өткізетін аудандарда ерте пісетін «Авантаж» және «Жавелот» сұрыптарын еккен шаруашылықтар қант қызылшасын қазу жұмыстарын 12 қыркүйектен бастайды. Зауыт өнімді 15 қыркүйектен бастап қабылдайды. Биыл кәсіпорынға 7585 гектар алқаптан жиналатын 374 мың тонна өнім өткізу жоспарланған. Ал Ақсу өңірінде қазу жұмыстары 23 қыркүйекте басталып, өнім қабылдау науқаны 25 қыркүйектен жүргізіледі. Мұнда 5910 гектар алқаптан 226 мың тонна қант қызылшасын жинау көзделіп отыр. Ендеше, өңірлердегі тәтті түбірді өсіру жағдайы қалай? Осы сұрақпен Қаратал ауданына барып қайтқан едік.

Қаратал ауданында ауыл шаруашылығын дамыту, егістік алқаптарды тиімді пайдалану және заманауи суару технологияларын енгізу бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Әсіресе су тапшылығы жағдайында тамшылатып және жаңбырлатып суару әдістеріне көшкен шаруашылықтардың қатары артып келеді. 2024 жылы су үнемдеу технологиясы қолданылатын алқап көлемі 585 гектарға артып, жалпы көрсеткіш 1408 гектарға жетті. Оның 535 гектарында тамшылатып, 873 гектарында жаңбырлатып суару әдісі пайдаланылды. Былтыр бұл бағыттағы алқап көлемі тағы 550 гектарға ұлғайды. Атап айтқанда, «Бақыт Қаратал» ЖШС 200 гектарға, «Аққар» ЖШС 200 гектарға, «Текелі Агросервис» ЖШС 150 гектарға тамшылатып суару құрылғыларын орнатты. Нәтижесінде аудан бойынша су үнемдеу технологиясы қолданылатын жер көлемі 1958 гектарға жетті. Биыл аталған көрсеткішке тағы 1270 гектар қосылды. Оның 1120 гектарында тамшылатып, 150 гектарында жаңбырлатып суару жүйесі енгізіліпті.

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Ілияс Саяқбаев:

– Қаратал ауданы ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы өңір. Мақсатымыз егістік жерлерді тиімді пайдаланып, өнім көлемін арттырумен қатар су ресурстарын барынша үнемдеу. Кейінгі жылдары шаруашылықтардың заманауи суару жүйелеріне қызығушылығы айтарлықтай өсті. Тамшылатып және жаңбырлатып суару технологияларын қолданатын алқаптардың аумағы жыл сайын ұлғаюда. Бұл да осы бағыттағы жүйелі жұмыстың нәтижесі, – дейді Ілияс Саяқбаев.

Ауданда тәтті түбір өсіруге де ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар Айту би ауылдық округінде қарқын алған. Аталған округке Қожбан, Айту би, Жасталап және Көкпекті елді мекендері қарайды. Жергілікті шаруашылықтар қант қызылшасымен бірге дәнді дақылдар өсірумен және мал шаруашылығымен айналысады.

– Өткен жылы округ шаруашылықтары 506 гектарға қант қызылшасын еккен еді. Биыл тәтті түбір алқабының көлемі 818 гектарға жетті. Бұдан бөлек, 350 гектарға жүгері және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдары себілді. Шаруашылықтарға жеңілдетілген бағамен жанар-жағармай мен тыңайтқыштар толық берілді. Мұндай мемлекеттік қолдау егістік көлемін ұлғайтып, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді, – дейді Айту би ауылдық округінің әкімі Медет Сағатбеков.

Округ әкімінің сөзінше, қант қызылшасы алқабының ұлғаюына заманауи суару жүйелерінің енгізілуі де оң ықпал етіп отыр. Бұл бағытта «Тамшы Технолоджи» ЖШС-нің тәжірибесі жергілікті шаруаларға үлгі болуда.

– «Тамшы Технолоджи» ЖШС қолданып отырған тамшылатып суару технологиясы округ шаруашылықтарына көп септігін тигізуде. Су тапшылығы сезілген кезде мұндай технологиялардың маңызы арта түседі. Сондықтан ұсақ шаруашылықтарды да тамшылатып суару әдісін қолдануға бағыттап, оның тиімділігін түсіндіріп келеміз, – деді округ әкімі.

Су үнемдеу технологиясын тиімді қолданып отырған «Тамшы Технолоджи» ЖШС-нің табысы табанды еңбектің айқын көрінісі. Шаруашылық 2024 жылы Қаратал ауданы әкімдігінің қолдауымен 230 гектар жер алған. Бастапқыда бұл аумақты жиде ағаштары қаптап, егіншілікпен айналысуға қолайсыз жерді игеру үшін бір жыл бойы ауқымды дайындық жұмысы жүргізіліпті.

– Бұл жерді 2024 жылы Қаратал ауданы әкімінің қолдауымен алдық. Ол кезде алқапты жиде ағаштары қаптап өсіп, шаруашылық жүргізуге қолайсыз болып қалған еді. Бір жыл бойы ағаштарды шауып, жерді тегістедік. Ауылдан егістікке дейін электр желісін тартып, жерасты ұңғымасын қазып, су шығардық. Егістік алқабының барлық бөлігіне су жеткізетін құбырлар желісін орнаттық, – дейді «Тамшы Технолоджи» ЖШС  басшысы Ерғазы Бақытжан.

Осындай дайындық жұмыстарынан кейін шаруашылық биыл алғаш рет аталған алқапқа қант қызылшасын септі. Аудан әкімдігінің қолдауымен техника санын көбейтіп, жеңілдетілген бағамен жанар-жағармай мен тыңайтқыштар алған.

Бақытжан Ерғазы бұған дейін де Алматы облысында тамшылатып суару технологиясы арқылы қант қызылшасын өсірумен айналысқан екен. Сондықтан жаңа алқапты игеру кезінде осы салада жинаған тәжірибесіне сүйенген.

– Қазіргі кезде климаттың өзгеруіне байланысты су тапшылығы айқын сезілуде. Бұл мәселе, әсіресе, ағын суы аз Қаратал өңірі үшін өте өзекті. Сондықтан осындай ауқымды алқапқа тамшылатып суару технологиясын енгізуге шешім қабылдадық. Мақсатымыз тек өз шаруашылығымызды дамыту емес. Осы тәжірибені айналамыздағы шағын шаруашылықтарға көрсетіп, оларды да суды үнемді пайдалануға үйреткіміз келеді, – дейді шаруашылық басшысы.

Оның айтуынша, жыл сайын өсімдікке зиян келтіретін зиянкестер мен түрлі аурулар да көбейіп келеді. Тамшылатып суару жүйесі арқылы дақылға қажетті су мен тыңайтқышты белгіленген мөлшерде жеткізуге болады. Бұл өсімдіктің қалыпты өсуіне жағдай жасап, өнімнің сапасы мен көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

  «Тамшы Технолоджи» ЖШС алдағы уақытта өндірісті кеңейтіп қана қоймай, қант қызылшасының қалдықтарын тиімді пайдалануды жоспарлап отыр. Шаруашылық қант қызылшасының сабағы мен жапырағын мал азығына айналдыратын технологияны енгізбек.

 – Қант қызылшасын жинағаннан кейін алқапта көп мөлшерде жапырақ пен сабақ қалып қояды. Болашақта сол қалдықтарды кәдеге жаратып, мал азығы ретінде пайдаланатын жұмысты қолға алмақпыз. Осы мақсатта қажетті технологияны Қытайдан әкелуді жоспарлап отырмыз. Бұл өсімдік қалдығын ысырап етпеуге және шаруашылыққа қосымша бағыт қалыптастыруға мүмкіндік береді, – дейді Бақытжан Ерғазы.

Бұрын шаруашылық жүргізуге жарамсыз болып келген жердің аз уақыт ішінде заманауи технология енгізілген өнімді алқапқа айналуы шаруалардың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Қаратал ауданындағы бұл тәжірибе су тапшылығы жағдайында жер мен суды тиімді пайдаланып, ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға болатынын көрсетеді.

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Тарихтан тағылым, жаңашылдыққа бағыт

Тарихтан тағылым, жаңашылдыққа бағыт

10.09.2026
Шекара шебіне шақырады

Шекара шебіне шақырады

10.09.2026
Талдықорған мен Үштөбені жалғайтын жол жаңартылды

Талдықорған мен Үштөбені жалғайтын жол жаңартылды

10.09.2026
Су үнемдеудің тиімді үлгісі

Су үнемдеудің тиімді үлгісі

10.09.2026
Қараталдың «Ақ маржаны»

Қараталдың «Ақ маржаны»

10.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.