11 қыркүйек, жұма күні Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік өңірлерінің бірқатарында ауа температурасы жоғарылайды. Кей қалаларда күндіз ауа 34-36 градусқа дейін ыстық болады. Оңтүстік, батыс және орталық аймақтардың кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Астана – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы 16-18, күндіз 30-32 градус жылы.
Алматы – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел батысқа ауысып, секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады. Түнде 17-19, күндіз 32-34 градус жылы.
Шымкент – көшпелі бұлтты. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде 18-20, күндіз 32-34 градус жылы.
Түркістан – көшпелі бұлтты. Түнде және таңертең өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 8-13, екпіні 15-20 метрге жетеді. Түнде 20-22, күндіз 33-35 градус жылы.
Қонаев – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел батысқа ауысып, секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Түнде 15-17, күндіз 33-35 градус жылы.
Талдықорған – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Түнде 8-10, күндіз 34-36 градус жылы.
Қызылорда – бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Түнде 15-17, күндіз 25-27 градус жылы.
Тараз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, секундына 9-14, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. Түнде 15-17, күндіз 34-36 градус жылы.
Ақтау – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан және солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Түнде 16-18, күндіз 23-25 градус жылы.
Атырау – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен және солтүстік-батыстан соғатын жел түнде секундына 2-7, күндіз 5-10 метр жылдамдықпен соғады. Түнде 9-11, күндіз 21-23 градус жылы.
Орал – көшпелі бұлтты. Түнде жаңбыр жауып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Түнде 8-10, күндіз 18-20 градус жылы.
Ақтөбе – көшпелі бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, секундына 3-8, күндіз екпіні 12 метрге дейін жетеді. Түнде 8-10, күндіз 20-22 градус жылы.
Қарағанды – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел түнде секундына 2-7, күндіз 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Түнде 16-18, күндіз 30-32 градус жылы.
Жезқазған – көшпелі бұлтты. Таңертең және күндіз кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, секундына 9-14 метрге жетеді. Түнде 17-19, күндіз 24-26 градус жылы.
Қостанай – бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Түнде 10-12, күндіз 17-19 градус жылы.
Көкшетау – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 9-14, күндіз екпіні 15-18 метрге жетеді. Түнде 15-17, күндіз 30-32 градус жылы.
Петропавл – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел түнде секундына 9-14, күндіз 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Түнде 13-15, күндіз 30-32 градус жылы.
Павлодар – аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Түнде 14-16, күндіз 32-34 градус жылы.
Семей – аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 4-9 метр жылдамдықпен соғады. Түнде 11-13, күндіз 32-34 градус жылы.
Өскемен – аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Түнде 11-13, күндіз 31-33 градус жылы.





