Талдықорған: +19°C
$ 488.59
€ 564.37
₽ 6.79
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ШЫНДЫҚ ПЕН КӨРКЕМДІК

10.12.2024
КҮЛТӨБЕ
ШЫНДЫҚ ПЕН КӨРКЕМДІК
WhatsAppTelegramFacebook

Сөз зергері Ілияс Жансүгіровтің шығармашылығы айшықты өнер кестесімен, көркем сомдалған бейнелерімен ерекше.                   Жазушының прозалық шығармалары дегенде еске түсетіні – «Жолдастар» романы мен әңгімелері.


«Жолдастар» романы – қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы ауыл, қала, дала, жаңа өндіріс салалары, түрлі әлеуметтік топтар мен кәсіп иелері, шаруашылық түрлері, ұлттың танымы, түсінігі мен мәдениеті, тарихына қатысты мол мәліметтерден тұратын шығарма.

«Жолдастар» романының үзіндісі алғаш рет 1934 жылы «Әдебиет майданында» жарияланды. Ол «Ақ вексель» бөлімі болатын. Романның бірінші кітабы  ретінде  1935  жылы  жарық  көрді.  Туындының жазылуы  жайлы  ақынның  зайыбы Фатима Ғабитова бұл шығарма трилогия ретінде жоспарланғанын айта келіп: «Жолдастар»  трилогия  болатын,  бітпей  қалған екі  кітабының  материалдары  бұл  күні Ілиястың  өз  архивінде  сақтаулы», – дегенін айта кеткен жөн. Оқиға желісіне, жазушының жинап кеткен мол материалдарына жете мән берсек, романның екі не үш томдық  болып  жоспарланғаны  анық.  Бұл  пікірді  Ілиясты  зерттеушілердің  бірі  М. Дүйсенов те растайды.

Роман «Бастау», «Ағын», «Толқын», «Тасқын» атты төрт бөлімнен тұрады. Онда 1910 жылдан  1917  жылға  дейінгі  қазақ  халқының  өмірі  суреттелген.  Романда  оқырман  ауыл өмірімен және басты кейіпкерлері – Сатанмен, оның ағасы Тәжимен, олардың шешесі Сәтбаламен  танысады.  Шалматай,  Шаяхмет  және  басқа  дала  мықтыларының  бейнелері шығармаға  біртіндеп  енгізіледі.  Романда  революция  қарсаңындағы  тап  күресі,  әлеуметтік кереғар  лагерьлер  өкілдерінің қақтығысы  көрсетілген.  Туынды  тараулары  тақырыпшалармен  бөлінген,  әрбір  шағын  бөлігі  жинақы,  тиянақты  әңгімеге ұқсас.
«Бастау» бөлімі – отыз  бір,  «Ағын» – отыз  алты,  «Толқын» – жиырма алты, «Тасқын» – отыз жеті тақырыпшаға бөлінген. Жазушы ой-өзегінің аздаған сыры секілді авторлық баяндау – монолог, авторлық толғау ретінде пролог келтіреді де, «Бастау» тарауы «Қоянды» жәрмеңкесін баяндаудан басталады. 
«Қоянды, жолың қатты,
        наның  тәтті,  
 Айдаймыз  ақсақ  қойды, 
        арық  атты. 
Айдаған  осы  жолға  кедейшілік
Арқаның арқамызға
        қатты батты».
Осы бір өлең шумағы бүкіл оқиға арқауынан хабар беріп тұр. «Қояндыдағы» жәрмеңкеге бай не үшін барады, кедей  не үшін  барады?  Бар  болғаны  бір  қоңыр  сиыр,  төрт  ешкімен  қалған Сәтбалаға үлкен баласы Тәжи: «Байдан қой алып қыстасақ, аман қаламыз ба?» – деумен «Ақ вексельге» отыруға көндіреді. Сәтбаланың көнгісі жоқ. Әйтсе де қу кедейшілік, күнкөріс қамы, екінші жағынан қабырғасы қата қоймаған кіші баласы Сатанды жалға беру жанына батқан әже ұлына келісімін береді. «Байға не айтамыз?» деген бөлімінде қыс бойы «Ақ вексельге» алған жиырма қойы мен өзінің аз-маз тұяғының бәрі қырылып, үш-төртеуі ғана аман  шыққан Тәжидің жақындап қалған  жәрмеңкеден  қашуы  айтылса,  келесі  бөлімінде Шалматай байдың повесткасымен шақыртып алынған Тәжидің «Ақ вексель» құнына жалғыз көк құнаны мен інісі Сатанды бір жыл жалшылыққа беріп, бәтуаласуы баяндалады. Бұған кейінгі оқиға  малшылыққа  жаңа  ортаға  кеткен  Сатанға  байланысты  өрбиді.  

Романда  қазақ  даласындағы алғашқы  өндірістік  қатынас  та  дәлелді,  ұтымды  тәсілмен суреттеліп, кең өріс тапқан «Ақ вексель» операциясы баршамызға мәлім ұғым болғанымен оның мәні неде, ол қалай өтеді, қалай жүргізіледі  деп жіктейтін болсақ, бұл  дәуір  туралы  жазылған еңбектердің  ешқайсысынан  дәл  Жансүгіров  романындағыдай толық  жауабын  ала  алмайсыз. Ал «Жолдастар» романында  жылына  жәрмеңкеге  жетпіс мыңнан  кем  қой  салмайтын  дала  капиталисі  Шалматай  саудасы  арқылы  бұл  операция алақанға салғандай суреттелген. Әрі бұдан осы бір қыр капитализмі механизмінің іске асу жүйесін  жазушының  өмірде  терең  білгендігін  аңғаруға  болады.  Әлбетте, байлардың жәрмеңкеге әкелген мыңдаған, он мыңдаған қойлары бір базарда түгел өтіп кетпейді, саудаға жарамай қалған ақсақ-тоқсақ, ауру-тұрақ мұндай қойлар жылда жәрмеңке тарқарда аманатқа алушыларға  таратылып отырады. Бай  бағамын  дегеннің аты-жөнін нотариус  алдында жаздырып, «ақ  векселге» бере  береді. Бұл  істің  аты  да  осыдан  шықса  керек. Жазушы жәрмеңкеге жылына жүз мыңға жуық қой айдаған ірі көпестің, тиыннан тиын туғызған қу тұяқ саудагердің малдарының  қалай құрылып, қалай  сатылатынын оқырманға  қолмен қойғандай  түсінікті әрі көркем тілмен жеткізген. 

Жалпы, «Жолдастар» – қазақ әдебиетіндегі әлеуметтік-психологиялық роман жазу барысындағы алғашқы сәтті тәжірибелердің бірі, өмірлік мазмұны терең, эстетикалық әсері күшті сапалы шығарма. Осындай тереңдігімен ерекшеленетін өлмес шығарма, қаламгер  Ілияс Жансүгіровтің ғана емес, бүкіл қазақ әдебиетінің көтерген олжалы жаңа белесі екені сөзсіз.

Аида ҚҰНАНБАЙҚЫЗЫ,
І. Жансүгіров әдеби музейінің
 аға ғылыми қызметкері

Қатысты жаңалықтар

Қарымта ойында шешіледі

Ресми. «Жетісу» Бірінші лигада ойнайды

10.06.2026
Жетісулықтар болашақ ұрпақтың экологиялық қауіпсіздігі үшін бұлақтарды тазартты

Жетісулықтар болашақ ұрпақтың экологиялық қауіпсіздігі үшін бұлақтарды тазартты

10.06.2026
Елімізде неврологиялық аурулардың ұлттық тіркелімі құрылады

Елімізде неврологиялық аурулардың ұлттық тіркелімі құрылады

10.06.2026
Бірлікті нығайтқан өнер

Бірлікті нығайтқан өнер

10.06.2026
Елімізде жаңа өнеркәсіп пен туристік жобалар іске қосылады

Елімізде жаңа өнеркәсіп пен туристік жобалар іске қосылады

10.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.