Талдықорған: +20°C
$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Коммуналдық тарифтер: не өзгерді, миллиардтар қайда жұмсалады?

27.09.2026
КҮНДЕРЕК, ЭКОНОМИКА
Коммуналдық тарифтер: не өзгерді, миллиардтар қайда жұмсалады?

Айша Серікқызы

WhatsAppTelegramFacebook

Ай сайын қолымызға түскен түбіртектегі сандарға қарап, коммуналдық қызметтің неге қымбаттағанын ойлайтынымыз рас. Алайда тарифтің ар жағында жылу құбыры, электр және су жүйесі секілді күнделікті көзге көріне бермейтін үлкен инфрақұрылым тұр. Бірі тозып, істен шықса оның салдарын тұтас қала немесе ауыл сезінеді. Сондықтан тариф мәселесі халық үшін қашанда өзекті.

Жетісу облысында қазір 41 табиғи монополия субъектісі бақылау мен реттеуге алынған. Олар жылу, су, электр энергиясы, газ және басқа да бағыттар бойынша 51 қызмет түрін көрсетеді.

Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Қалибеков биылғы тоғыз айдағы жағдайға тоқталып, тұрғындар үшін маңызды тарифтік өзгерістер мен коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары туралы баяндады.

Халық үшін маңызды жаңалықтың бірі – жылу тарифінің 2025 жылғы деңгейде сақталуы. Жылумен жабдықтау қызметі есептеу аспабы бар тұрғындар үшін тариф 3 246,23 теңге/Гкал, ал есептеу аспабы жоқ тұтынушылар үшін 4 343,32 теңге/Гкал көлемінде. Ыстық судың халық үшін тарифі бір текше метріне 234,70 теңгені құрайды. Электр энергиясында да тұрғындарға арналған деңгейлік тарифтер былтырғы мөлшерде қалған. Электр плитасы жоқ тұрғындар айына бір адамға 70 кВт·сағатқа дейін тұтынса, әр кВт·сағат үшін 25,76 теңге төлейді. 70-тен 130 кВт·сағатқа дейінгі екінші деңгейде баға 32,16 теңге болса, 130 кВт·сағаттан асқанда 40,20 теңгеге дейін көтеріледі.

Тариф өзгермегенімен, есептеу тәртібінде жаңалық бар. Жылу ақысына қатысты бұған дейін қолданылған тұрғын үй көлеміне байланысты әлеуметтік норма жойылған.

Судың бағасы төмендеді, газ қымбаттады

Тұрғындар үшін жағымды өзгерістің бірі ауызсу тарифіне қатысты. Бұған дейін жеке тұлғалар бір текше метр су үшін 74,80 теңге төлесе, қазір бұл көрсеткіш 68 теңгеге дейін төмендетілген. Айырмашылық аса үлкен болып көрінбеуі мүмкін, дегенмен тариф 9,1 пайызға азайды. Сонымен қатар бұрын суды тұтыну көлеміне қарай қолданылған әлеуметтік норма да жойылған.

Ал газ бағасында жағдай керісінше. 2026 жылғы 1 шілдеден бастап жеке тұлғалар үшін бір текше метр газдың бағасы 40,510 теңгеден 55,251 теңгеге дейін көтерілген. Өсім 36,39 пайызды құрады. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын тұрғындарға бөлек тариф белгіленіп, ол бір текше метріне 30,290 теңгені құрап отыр.

Миллиардтар қайда жұмсалады?

Жетісуда коммуналдық желілерді жаңғыртуға миллиардтаған теңге бағытталмақ. Мәселен, «Талдықорған акционерлік электржүйелерінің тасымалдау компаниясы» электр желілері мен қосалқы станция жабдықтарын жаңғыртуға 12,491 млрд теңге, сонымен бірге «Талдықорғанжылусервис» жылу желілерін жаңғыртуға 6,8 млрд теңге инвестиция салмақ.

Ал «Текелі су құбыры» кәсіпорнының желілерді жөндеуге арналған инвестициясы 13,12 млрд теңгені құрайды. Соның 8 млрд теңгесі кәріздік тазарту құрылыстарын жаңғыртуға қарастырылған. Бұдан бөлек, «Жетісу Су Құбыры» сумен жабдықтау және су бұру процестерін автоматтандыруға 2,5 млрд теңге қаржы жұмсалады.

«Ұлттық жоба коммуналдық және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртудың жаңа моделін көздейді. Қабылданып жатқан шаралардың негізгі мақсаты – инфрақұрылымның тозуын азайтып, халыққа сенімді әрі сапалы қызмет көрсету», – дейді департамент басшысы.

Жиында айтылған халыққа тікелей қатысты тағы бір маңызды мәселе – коммуналдық кәсіпорындардың тарифке енгізілген қаражатты қалай жұмсағаны.

«Талдау нәтижесінде облыстағы 14 субъектіде жекелеген шығын баптарының орындалмау фактілері анықталды. Осыған байланысты 45 миллион 300 мың теңгеден астам негізсіз алынған кіріс сомасына уақытша өтемдік тарифтер енгізілді», – дейді Думан Қалибеков.

Түсінікті тілмен айтсақ, кәсіпорын тарифтен түскен қаражатты бекітілген жоспарға сай толық жұмсамаса, артық алынған сома өтемдік тариф арқылы ескеріледі. Яғни тарифті бекіту ғана емес, оның қалай орындалғаны да бақылауда болуы тиіс.

Бақылау барысында заңбұзушылықтар да анықталған. Мәселен, «Жетісу Су Құбыры» кәсіпорнына жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 3 млн 460 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.

Айтылған мәліметтерден коммуналдық салада атқарылатын жұмыс әлі де аз емес екенін аңғаруға болады. Бір жағынан, ескірген жүйелерді жаңарту қажет болса, екінші жағынан, кәсіпорындардың өз міндетін қаншалықты орындап отырғанын қадағалау маңызды. Бұл ретте тұрғындар өз құқығын біліп, тарифке қатысты өзгерістер мен қабылданған шешімдерден хабардар болғаны жөн. Өйткені коммуналдық қызмет – әрқайсымыздың күнделікті өмірімізге қатысты мәселе.

Айша СЕРІКҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

«Менің  погоным» – Асанәлі Әшімовтің әйелі

«Менің погоным» – Асанәлі Әшімовтің әйелі

27.09.2026
Зылиха туралы жыр

Зылиха туралы жыр

27.09.2026
Білікті басшы, іскер ұйымдастырушы

Білікті басшы, іскер ұйымдастырушы

27.09.2026
Коммуналдық тарифтер: не өзгерді, миллиардтар қайда жұмсалады?

Коммуналдық тарифтер: не өзгерді, миллиардтар қайда жұмсалады?

27.09.2026
Бақтыбай ауылындағы өрт салдарынан үш бала көз жұмды

Бақтыбай ауылындағы өрт салдарынан үш бала көз жұмды

26.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.