Талдықорған: +10°C
$ 458.57
€ 501.54
₽ 5.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Дүниежүзілік банк әріптестігі: 33 жылда 8 млрд долларға елуден астам жоба іске асырылды

29 қыркүйек 2026
ЭКОНОМИКА
Дүниежүзілік банк әріптестігі: 33 жылда 8 млрд долларға елуден астам жоба іске асырылды

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Дүниежүзілік банктің қолдауымен 33 жыл ішінде 8 млрд доллардан астам сомаға елуден астам маңызды жобаны табысты жүзеге асырды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Ауқымды әріптестіктің нәтижелері мен келешегі Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңіріндегі әл-ауқат мәселелері жөніндегі өңірлік директоры Абебе Адугнаның кездесуінде талқыланды. Тараптар ағымдағы экономикалық жағдайды, реформалардың одан арғы бағыттарын, инфрақұрылымды дамытуды және серіктестік мүмкіндіктерін сараптады. Кездесуді ашқан Серік Жұманғарин еліміздің Дүниежүзілік банк тобымен қарым-қатынасының стратегиялық сипатын атап өтті. Жылдар бойғы бірлескен жұмыс барысында банктің қолдауымен көлік, білім беру, қоршаған ортаны қорғау, жасыл технология және цифрландыру саласында жалпы сомасы 8 млрд доллардан асатын қаржыға 50-ден астам жоба жүзеге асырылды.

Өз кезегінде Абебе Адугна Қазақстан экономикасының өсуі мен инвестициялық белсенділігіндегі оң динамиканы айрықша атап өтті. Жиынның едәуір бөлігі инфрақұрылымды дамытуға және оны қаржыландыру тетіктеріне арналды. Дүниежүзілік банк өкілдері инфрақұрылымдық инвестицияларды олардың тиімділігін арттыратын және өнімділік пен инновацияның өсуіне жағдай жасайтын институционалдық әрі реттеуші реформалармен сүйемелдеу маңызды екеніне тоқталды. Осы орайда Серік Жұманғарин елдегі инфрақұрылымды дамыту тек ішкі қажеттілік тұрғысынан ғана емес, аймақтық контексте де қарастырылып жатқанын жеткізді. Мұндағы басты бағыт – Орталық Азияны басқа аймақтармен байланыстыратын көлік бағыттарын одан әрі дамыту.

«Қазақстанның инфрақұрылымы – Орталық Азияның ірі бірыңғай инфрақұрылымдық тізбегін құрудағы алғашқы қадам ғана. Сөз тек біздің ішкі жолдарымыз бен теміржолдарды жақсарту туралы ғана болып отырған жоқ. Бұл жолдардың барлығы біз үшін және көрші елдер үшін тиімді болуын қамтамасыз етуіміз керек», – деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Дүниежүзілік банк халықаралық озық тәжірибені ескере отырып, инфрақұрылымды қаржыландыру тетіктері бойынша қазақстандық тараппен тиімді жұмысты одан әрі жалғастыруға дайын екенін білдірді. Бірлескен бастамалар өңірдегі тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға тікелей ықпал етеді.

Қатысты жаңалықтар

Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

Бүгін, 12:45
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Бүгін, 12:43
Пайдалануға берілетін нысан көп

Пайдалануға берілетін нысан көп

Бүгін, 12:29
Уикипедияның қазақша қоры молаяды

Уикипедияның қазақша қоры молаяды

Бүгін, 12:27
Шырайы кірген шағынаудан

Шырайы кірген шағынаудан

Бүгін, 12:25

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.