Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Біз неге байланып қаламыз?

8 қазан 2026
КҮНДЕРЕК
Біз неге байланып қаламыз?

ЖИ

WhatsAppTelegramFacebook

Ең қиыны – адамның өзін емес, сол адаммен бірге бастан өткерген сезімдерді ұмыту. Аз ғана уақыттың ішінде бір адамның саған сан түрлі эмоция сыйлап, күндеріңді небір бояуға бөлеп, рухани әрі эмоциялық тұрғыда жақын болып кетуі ғажап құбылыс. Арада қашықтық болса да, оның жаныңда жүргендей сезілуі мүлде бөлек күй.

Бірақ ішкі түйсік бәрібір бұл байланыстың ұзаққа созылмайтынын сездіріп тұрады. Бәрі бір эйфория секілді. Әуелде мүлде ойламаған, тіпті күтпеген адамның сенің сезімдеріңе, күнделікті көңіл күйіңе осыншалықты әсер етіп үлгергенін өзің де байқамай қаласың. «Бұл уақытша ғана ғой» деп өзіңді жұбатасың. Бірақ бір сәтте сол адамға қалай байланып қалғаныңды өзің де аңғармайсың.

Мұны махаббат деп айтуға да келмейді. Тек көзге көрінбейтін бір тартылыс бар. Бір жағынан өзіңнің оған үйір болып бара жатқаныңа ыза боласың. Кейде адамға бір тамшы мейірімнің өзі жеткілікті. Одан үлкен нәрсе күтудің де қажеті жоқ.

Уақыт өте келе адамның өзін емес, оның саған сыйлаған күйін сағына бастайсың. Оның жанында қандай адам болғаныңды, өзіңді қалай сезінгеніңді аңсайсың. Сонда ғана түсінесің: кейбір адамдар өміріңе мәңгі қалу үшін емес, белгілі бір кезеңді ерекше ету үшін келеді екен. Олар кетеді, бірақ қалдырған сезімі жүректе ұзақ уақыт сақталып қалады.

Бір сұрақ мазалайды: неге біз өзімізге қажет емес, уақытша екенін іштей сезетін сезімдерге соншалықты байланып қаламыз? Неге жүрек бір нәрсені жіберуге дайын болмайды? Кейде басқа адамнан да дәл сол күйді, сол эмоцияны іздеп тұратындай боласың. Сол ұқсас сезімді сыйлай алмаса, қызықсыз көрінеді. Өйткені санаңның бір бөлігі әлі де сол жерде қалып қойған.

Бауыр басып қалу адам ойлағаннан әлдеқайда күрделі сезім. Кейде оның қанша уақытқа созылып кеткенін де байқамай қаласың. Осылайша, өзіңе тиесілі ең қымбат нәрсені – уақытыңды жоғалтып алуың мүмкін. Бір адамның өміріңде аз ғана уақыт болуы оның санаңда ұзақ уақыт қалмайтынын білдірмейді.

Бірақ сонда кім кінәлі? Саған ерекше сезім сыйлап, кейін өміріңнен алыстап кеткен адам ба? Әлде оның уақытша екенін біле тұра, оған көңіл байлап қалған өзің бе? Мүмкін, бұл жерде кінәліні іздеудің өзі артық шығар. Кейбір адамдар бізге қалу үшін емес, бір сезімді танытып, өзіміз туралы бір нәрсені түсіндіріп кету үшін келеді. Ал ең қиын нәрсе – сол сезімді адаммен бірге емес, өзіңмен бірге алып қалуды үйрену. Оның жаныңда болған өзіңді қайта табу. Өйткені кейде біз біреуді емес, сол адамның жанында өзіміздің қандай күйде болғанымызды сағынамыз…

Аяулым Шынгаева

Қатысты жаңалықтар

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

23 қараша 2026
Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

23 қараша 2026
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

23 қараша 2026
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

23 қараша 2026
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

23 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.