Талдықорған: +20°C
$ 448.45
€ 501.59
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ерекше білім алушыларға кәсіптік бағдар беру

Бүгін, 12:03
КҮНДЕРЕК
Ерекше білім алушыларға кәсіптік бағдар беру
WhatsAppTelegramFacebook

Еңбекке баулу бойынша жаңа оқу бағдарламалары ерекше білім беруді қажет ететін балаларға өз қабілеттерін ашуға, заманауи еңбек дағдыларын меңгеруге және болашақ мамандығын нық сеніммен таңдауға көмектеседі.

Таяу уақытқа дейін арнайы мектеп түлектерінің кәсіби болашағын негізінен санаулы ғана қарапайым жұмысшы мамандықтарымен байланыстыратын. Олар, әдетте, тігінші, ағаш ұстасы, балташы және аспаз мамандықтары еді. Оқыту көбіне қол еңбегінің жекелеген операцияларын меңгертумен шектелетін, ал баланың өз қызығушылығы, қабілеті мен өмірлік жоспары жеткілікті дәрежеде ескерілмейтін.

Бүгінде бұл тәсіл біртіндеп өзгеріп келеді. Қазіргі бейіналды даярлықта ең алдымен адамның шектеулеріне емес, мүмкіндіктеріне назар аударылуы тиіс. Оның міндеті – оқушының өзін жақсырақ түсінуге, өз қабілеттерін ашуға, өз бетінше әрекет ету тәжірибесін жинақтауға және болашақ мамандығын неғұрлым саналы түрде таңдауға көмектесу.

Кейбір балалар өсімдіктермен жұмыс істеуге қызықса, енді біреулерін техника мен цифрлық технологиялар қызықтырады. Бірі шығармашылық, дизайн немесе бағдарламалау саласында қабілет танытса, енді бірінің жанына адамдармен қарым-қатынас жасау, ақпаратты өңдеу, логистика немесе аумақты абаттандыру жақын. Ең бастысы әр балаға әртүрлі іс-әрекетте өзін сынап көруге, өз еңбегінің нәтижесін көруге және өз күшіне сенуге мүмкіндік беру.

Оқушылардың кәсіби болашағына қатысты жаңа тәсілдерді іздестіру Қазақстанның әртүрлі жоғары оқу орындарының оқытушыларынан құралған топтың зерттеу жұмысының бір бағытына айналды. Зерттеу І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті бағдарламалық-нысаналы қаржыландыратын «Мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды бейін алды даярлауға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру» (ЖТН BR24993150) бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Жоба аясында еліміздің бірқатар арнайы мектеп және мектеп-интернаттарында жүргізілген сауалнама оқушылардың өздері қандай мамандықты армандайтынын, олардың таңдауына қандай факторлар ықпал ететінін және алдағы білім алу мен кәсіби даму бағытын жоспарлау үшін қандай қолдау қажет екенін анықтауға мүмкіндік берді.

Мұндай жағдайда ең алдымен баланың өз пікірі маңызды. Сондықтан кәсіптік бағдар беру ересектердің баланың қандай іс-әрекетпен айналыса алатыны жөніндегі шешімімен ғана шектелмеуі тиіс. Кәсіби таңдау нұсқаларын қарастырғанда білім алушының қызығушылығын, қабілетін, психофизикалық ерекшелігін, денсаулық жағдайын, оқу материалын меңгеру қарқынын ескерумен қатар, қазіргі еңбек нарығының нақты сұраныстары мен мүмкіндіктеріне сай келетін жаңа әрі алуан түрлі еңбек түрлерін іздестіру қажет.

Мұндай тәсіл есту, көру қабілеті мен тірек-қимыл аппараты бұзылған және өзге де бұзылыстары бар білім алушылардың әлеуметтік бейімделу мәселелерімен тығыз байланысты. Еңбек және коммуникативтік дағдыларды меңгеру барысында жасөспірім шешім қабылдауға, айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасауға, ережелерді сақтауға, жұмыс орнын ұйымдастыруға, еңбек нәтижесіне жауап беруге және ортақ істегі өз рөлін түсінуге үйренеді. Мұның бәрі болашақта еңбекпен қамтылу үшін ғана емес, кейінгі өмірінде өз әлеуетін іске асыру үшін де қажет.

Бейіналды даярлық мазмұнын кеңейту

Зерттеу тобы қазіргі уақытта мектептерде еңбекке даярлауға негіз болып отырған Үлгілік оқу бағдарламаларының жобаларына қосымша ретінде баламалы элективті бағдарламалар әзірледі. Олардың негізгі мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың кәсіпалды даярлығының вариативтілігін қамтамасыз ету, қолжетімді бағыттар аясын кеңейту және оқытуды заманауи еңбек жағдайларына жақындату. Мұндай тәсіл әртүрлі білім беру траекторияларын құруға мүмкіндік береді: бір бала үшін оқыту нәтижесі мамандықпен алғаш танысу болса, екіншісі үшін одан әрі кәсіптік білім алуға және болашақта еңбекпен қамтылуға даярлық болуы мүмкін.

Мәселен, жеңіл дәрежедегі ақыл-ой кемістігі мен менталдық бұзылыстары бар 7–9 (10) сынып білім алушыларына арналған мынадай бағдарламалар әзірленді:

  1. «Заманауи агроиндустрия: гидропондық қондырғылар операторы/сити-фермерлік»;
  2. «Гүл өсіру және сәндік бағбандық»;
  3. «Автотракторлық техника мен ауыл шаруашылығы машиналарына техникалық қызмет көрсету негіздері».

Көру қабілеті бұзылған 7-10 сынып білім алушылары үшін:

  1. «Тактильді арт-дизайн және бедерлі-цифрлық модельдеу»;
  2. «Коммуникативтік-ақпараттық даярлық»; бейіндік мамандануы – «Call-орталық операторы»;

Есту қабілеті  бұзылған 7-10 сынып білім алушылары үшін:

  1. «Цифрлық визуалды-интерфейстік дизайн және беттеу».

Тірек-қимыл аппараты бұзылған 7—10 сынып білім алушылары үшін:

  1. «Цифрлық технологиялар және бағдарламалау»;
  2. «Коммуникативтік-ақпараттық даярлық».

Аутизм спектрінің бұзылыстары бар 7-10 сынып білім алушылары үшін:

  1. «Коммуникативтік-ақпараттық даярлық», бейіндік мамандануы – «Call-орталық операторы»;
  2. «Қойма логистикасы және тапсырыстарды жинақтау», бейіндік мамандануы – «Қойма логистикасы және тапсырыстарды жинақтау жөніндегі көмекші»;
  3. «Экологиялық күтім және абаттандыру», бейіндік мамандануы –«Экологиялық күтім жөніндегі көмекші».

Ұсынылған даярлық бағыттары заманауи кәсіби қызметтің әртүрлі салаларын – ауыл шаруашылығын, техникалық қызмет көрсетуді, ақпараттық технологияларды, бағдарламалауды, дизайнды, коммуникацияны, логистиканы, экологиялық күтім мен абаттандыруды қамтиды. Соның нәтижесінде оқушылардың кәсіби таңдауы бірнеше дәстүрлі еңбек түрімен ғана шектеліп қалмайды.

Заманауи мамандықтар қолжетімді бола түсуде

Бағдарламаларды әзірлеу барысында цифрландырумен байланысты бағыттарға ерекше назар аударылды. Бүгінде ақпараттық технологиялар барлық дерлік салада қолданылады. Сондықтан цифрлық сауаттылық әлеуметтік және кәсіби дербестіктің қосымша емес, қажетті шартына айналып отыр. Цифрлық құралдарды меңгеру барысында оқушылар ақпаратты табуға, өңдеуге және ұсынуға, бейімделген техникалық құралдарды пайдалануға, тапсырмаларды алгоритм бойынша орындауға, қауіпсіз жұмыс істеу ережелерін сақтауға және басқа адамдармен өзара әрекеттесуге үйренеді. Бұл біліктерді әртүрлі кәсіпте қолдануға болады әрі олар адамның еңбек нарығындағы өзгерістерге оңайырақ бейімделуіне мүмкіндік береді.

Агроиндустрияға, гүл өсіруге және экологиялық күтімге қатысты бағдарламалардың да маңызы зор. Қазіргі ауыл шаруашылығын жаңа технологияларсыз елестету мүмкін емес. Гидропондық қондырғылар, қалалық фермалар және өсімдіктерге автоматтандырылған күтім жасау қызметтің қосымша бағыттарына жол ашады. Бұл бағыттарда зейінділік, ұқыптылық, жауапкершілік және технологиялық операцияларды ретімен орындай білу қабілеті қажет болуы мүмкін.

Тактильді арт-дизайн мен бедерлі-цифрлық модельдеу шығармашылық және технологиялық қызметті біріктіріп, зағип және нашар көретін білім алушылардың кәсіби даму мүмкіндіктерін кеңейтеді. Логистика және тапсырыстарды жинақтау бағдарламалары сұрыптау, таңбалау, есепке алу, буып-түю және жұмыс кеңістігін ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Коммуникативтік-ақпараттық даярлық сөйлеу тілін, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, ақпаратты қабылдау мен жеткізу, компьютерлік жабдықтарды пайдалану және жұмыс нұсқаулығына сәйкес әрекет ету біліктерін дамытады.

Жекелеген операция емес, тұтас еңбек үдерісі

Ұсынылып отырған бағдарламалардың қол еңбегінің жекелеген операцияларын үйретумен шектелетін оқытудан басты айырмашылығы – өзара байланысты әрекеттердің тұтас жүйесін бірізді меңгертуінде.

Оқушы бір операцияны қайта-қайта орындаумен ғана шектелмейді. Ол жұмыс орнын ұйымдастыруға, қойылған міндетті түсінуге, әрекеттерін жоспарлауға, құралдар мен материалдарды таңдауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жұмыс сапасын бақылауға және бастаған ісін соңына дейін жеткізуге үйренеді. Мәселен, логистикалық даярлық аясында білім алушы өз мүмкіндігіне сай жұмыс циклін толық орындай алады: тапсырманы қабылдау, өнімдерді сұрыптау, таңбаларын салыстырып тексеру, қаптаманы таңдау, тапсырысты жинақтау және алынған нәтижені тексеру. Өсімдіктермен жұмыс істеу барысында ол жабдықтарды дайындау, өсімдіктерді отырғызу, күтіп-баптау, олардың өсуін бақылау және өнім жинау жұмыстарымен танысады.

Цифрлық бағыттарда оқушы тапсырманы қабылдау мен жұмыс кеңістігін дайындаудан бастап, дайын өнімді жасауға және ұсынуға дейінгі әрекеттер ретін меңгереді.

Оқытуды осылай ұйымдастыру жасөспірімге еңбектің мәнін түсінуге және жекелеген әрекет пен жалпы нәтиже арасындағы байланысты көруге көмектеседі. Сонымен қатар оның дербестігі, жауапкершілігі, зейіні және нұсқаулыққа сай әрекет ету, белгілі бір қарқынмен жұмыс істеу, қиындық туындағанда көмекке жүгіну қабілеттері дамиды.

З.А. МОВКЕБАЕВА
п.ғ.д., профессор-зерттеуші
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

 

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда көші-қон қызметінің тоғыз айлық қорытындысы шығарылды

Талдықорғанда көші-қон қызметінің тоғыз айлық қорытындысы шығарылды

Бүгін, 14:03
Елорда төрінде Astana Media Week 2026 медиа апталығы басталды

Елорда төрінде Astana Media Week 2026 медиа апталығы басталды

Бүгін, 13:51
World Tennis Бас ассамблеясы: 137 елдің өкілдері бас қосты

World Tennis Бас ассамблеясы: 137 елдің өкілдері бас қосты

Бүгін, 13:30
Табиғатты қорғау: Жетісу өзендеріндегі заңсыз жер қазу әрекеттері әшкереленді

Табиғатты қорғау: Жетісу өзендеріндегі заңсыз жер қазу әрекеттері әшкереленді

Бүгін, 13:00
Қазақстан мен Бельгия жасанды интеллектіні білім беруде қолдануды талқылады

Қазақстан мен Бельгия жасанды интеллектіні білім беруде қолдануды талқылады

Бүгін, 12:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.