Талдықорған: +6°C
$ 450.62
€ 504.20
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Сайын салған сырлы әлем

Бүгін, 13:50
КҮНДЕРЕК
Сайын салған сырлы әлем
WhatsAppTelegramFacebook

Әдебиеттің өміршеңдігі оның адам жүрегіне жол табуымен өлшенеді. Ал адам жанының нәзік иірімдерін шынайы суреттеп, қарапайым тіршіліктің өзінен үлкен тағылым түйе білген қаламгерлердің шығармалары уақыт өткен сайын жаңғырып, оқырманмен қайта қауышады. Қазақ прозасында осындай сыршылдық өрнегін қалдырған көрнекті жазушы Сайын Мұратбековтің әдеби мұрасы да ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, рухани құндылығын жоғалтқан емес.

Облыстық С. Сейфуллин атындағы орталық кітапханада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сайын Мұратбековтің туғанына 90 жыл толуына орай оқушылар арасында «Сайын салған сырлы әлем» атты облыстық байқау өтті. Әдеби шараның негізгі мақсаты – жазушының бай мұрасын кеңінен насихаттау, жас оқырмандардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру және олардың шығармашылық қабілетін шыңдау.

Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі», «Жабайы алма», «Анамның арманы» секілді туындылары қазақ әдебиетінің алтын қорынан орын алған. Қаламгер шығармаларының басты ерекшелігі – адам болмысына терең үңіліп, балалық шақтың мөлдір естелігін, ауыл өмірінің тынысын, көңіл түкпірінде сақталған сағыныш пен мұңды табиғи өрнектеуінде жатыр. Жазушының сырлы баяндауы мен шынайы кейіпкерлері оқырманды өмір туралы ойлантып, жүрекке жақын сезімдерді қайта жаңғыртады.

Осындай әдеби әлемді жас буынға танытуды көздеген байқау екі кезең бойынша ұйымдастырылды. Алғашқы кезең «Анамның арманы» шығармасына арналды. Қатысушыларға әңгімеден ұсынылған үзіндіні өз бетінше жалғастыру тапсырылды. Бұл кезеңде жас талапкерлер мәтінді мәнерлеп оқып қана қоймай, шығарманың мазмұнын терең түсінгендерін, ойды көркем жеткізу, дауыс ырғағын сақтау және сахналық мәдениетті меңгеру қабілеттерін көрсетті. Әдеби туындыны өзінше пайымдап, оқиға желісін өрбіту арқылы олардың қиялы мен сөз саптау шеберлігі де сынға түсті.

Ал «Оқырманның жүрек қылын дәл басқан Сайын…» деп аталған екінші кезеңде қатысушылар жазушының «Жабайы алма» және «Жусан иісі» повестері бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді. Бұл кезең жас оқырмандардың шығармалар мазмұнын қаншалықты зерделегенін, кейіпкерлер әлеміне үңіліп, автордың айтар ойын түсіне алғанын аңғартты. Әдеби білім мен зеректілікті, зейін мен пайымдауды қатар талап еткен сындарлы кезеңде қатысушылар өздерінің таным деңгейін танытты.

Байқауға қатысушылардың білімі мен өнерін жазушының қарындасы Майра Мұратбекова бастаған, әдебиет пен мәдениет саласының өкілдерінен құралған қазылар алқасы бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша Панфилов ауданынан келген Айзере Құрманғазы I орынды иеленді. Ақсу ауданынан қатысқан Санжар Нұрлан- ұлы II орынға лайық деп танылса, Көксу ауданының оқушысы Айсұлтан Отарбай III орынды қанжығасына байлады. Үздік нәтиже көрсеткен жас оқырмандар арнайы марапаттарға ие болды.

«Сайын салған сырлы әлем» облыстық байқауының мәні жеңімпаздарды анықтаумен ғана шектелмейді. Мұндай тағылымды басқосулар жас ұрпақтың кітапқа деген ықыласын оятып, көркем сөздің қадірін ұғынуға жол ашады. Әсіресе адам жанының тереңіне бойлап, ізгілік пен мейірімділікті ту еткен Сайын Мұратбеков шығармалары арқылы өскелең ұрпақ әдебиеттің танымдық қана емес, тәрбиелік қуатын да сезінеді.

Сайын салған сырлы әлемнің бүгінгі жас буынмен қайта қауышуы қазақ әдебиетінің сабақтастығын бекемдеп, рухани мұраның келешекке жалғасуына қызмет етеді.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жаңа талап, жаңа мүмкіндік

Жаңа талап, жаңа мүмкіндік

Бүгін, 15:16
Бельгия королінің сапары елімізге жаңа инвестиция әкеледі

Бельгия королінің сапары елімізге жаңа инвестиция әкеледі

Бүгін, 15:15
Тоқаев Израиль президентімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Тоқаев Израиль президентімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Бүгін, 14:24
Бүгін – Сәкен Сейфуллиннің туған күні

Бүгін – Сәкен Сейфуллиннің туған күні

Бүгін, 14:22
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Бүгін, 14:15

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.