Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауып, жел күшейеді. Елдің шығыс өңірлерінде көктайғақ болып, тұман түсуі мүмкін. Бұл туралы синоптиктер мәлімдеді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
16 қазандағы ауа райы болжамы
Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен қар аралас жаңбыр жауады. Шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде нөсер жаңбыр мен қар жаууы ықтимал.
Елдің шығысында көктайғақ болып, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Сонымен қатар Қазақстанның барлық өңірінде жел күшейеді. Ал орталық және оңтүстік аймақтарда айтарлықтай жауын-шашын күтілмейді.
Өңірлер бойынша ауа температурасы
- Батыс Қазақстанда: түнде ауа температурасы +7…+15 градус, күндіз +17…+25 градус болады.
- Солтүстік өңірлерде: түнде -3…-8 градус аяз болжанады. Күндіз ауа температурасы +7…+12 градусқа дейін көтеріледі.
- Шығыс Қазақстанда: түнде -1…-6 градус, кей жерлерде -3…-11 градус аяз болады. Күндіз негізінен +3…+12 градус күтіледі. Өңірдің шығысында ауа температурасы -2 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
- Оңтүстік Қазақстанда: түнде +2…+10 градус, күндіз +15…+25 градус жылы болады.
-
Оңтүстік-шығыс өңірлерде: түнде ауа температурасы 0…+8 градус аралығында болады. Таулы аудандарда -2…-7 градус аяз болжанады. Күндіз +12…+22 градус, кей жерлерде +10…+18 градус болады.





