Интернет кеңістігіне жүргізілген мониторинг барысында полицейлер TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу дерегін анықтады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Атап айтқанда, Талдықорған қаласының 35 жастағы тұрғыны Анеля Ерменбетова тікелей эфир барысында алкогольдік ішімдік ішіп, бейәдеп сөздер айтқан.
Полиция қызметкерлері әйелдің жеке басын жедел анықтап, оған қатысты тиісті шаралар қабылдады.
Сот шешімімен құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.
Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, айналасындағыларға құрметпен қарауға және қоғамда өзара сыйластық қағидаттарын ұстануға шақырады.
Ведомство өкілдері әрбір азамат өз әрекетіне жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын сақтауы керектігін еске салды. Құқыққа қайшы әрекеттер үшін заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілік қарастырылған.





