Құрметті Алакөл ауданының тұрғындары!
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев 2026 жылғы 30 қазанда сағат 09.00-де Алакөл ауданы әкімдігі ғимаратының 1-қабатында (Үшарал қаласы, Д.Қонаев көшесі, 74) аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Қабылдауға облыс әкімі аппаратының азаматтар өтініштерінің қаралуын бақылау бөліміне 8 (72833) 2-15-09 телефон нөміріне хабарласу арқылы алдын ала жазыла аласыз.
Сондай-ақ сағат 10.00-де облыс әкімі З. Қойшыбаева атындағы аудандық мәдениет үйінің ғимаратында (Үшарал қаласы, Д.Қонаев көшесі, 76) аудан тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Кездесудің тікелей көрсетілімі облыс әкімдігінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «jetisu_akimdigi» парақшасында https://instagram.com/jetisu_akimdigi?igshid=YmMyMTA2M2Y= сілтемесі бойынша
жүргізіледі.





