Талдықорған: +8°C
$ 454.14
€ 509.23
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«АЙҚАП» журналының ұлттық сананы оятудағы рөлі

Бүгін, 14:25
КҮНДЕРЕК, РУХАНИЯТ
«АЙҚАП» журналының ұлттық сананы оятудағы рөлі
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ халқының мәдени өмірінде 1911 жылдың  бас кезінде болған елеулі оқиғалардың бірі – «Айқап» журналының шығуы еді. Ол қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси және әдеби журналы болды. «Айқап» өзінің сипаты жөнінен жалпы демократиялық болғанымен іс жүзінде Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбайұлының ағартушылық идеялары негізінде дамып келе жатқан қазақтың қоғамдық ой-пікірінің, әдебиетінің және публицистикасының прогресшіл де демократиялық дәстүрлерін жалғастырып, іргелі түрде дамытқан басылым еді.

Дүниенің кілті ғылым мен білімде екендігін терең түсінген, «Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтып күн көрер…» деп күңіренген Асан Қайғы бір сөзінде «Ғылымым жұрттан асты» деп, «Кеңессіз сөз бастама» дейді. Одан кейін Бұхар жырау да «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деп бекер айтпаса керек. Абайдың да арманы –  қалың елі қазағының, қайран жұртының, оқу оқып, білім мен ғылым үйреніп, өркениеттің дөңгелегін ертерек өрге дөңгелетіп әкеткен елдердің қатарына қосылуы болатын. «Халықтың қай дәрежеде алға кеткендігі ел арасында таралған газет-журнал һәм кітаптардан білінеді» деген сөзді Мұхамеджан Сералин де бекерге айтпаған болар. Өйткені 1911 жылдан он жыл бұрын Америкада 952 басылым жарық көрсе, педагогика саласында 452 газет, ауыл шаруашылығында 100 басылым, тіпті мода мен сән-салтанатқа арналған 34 журнал жарық көрген болатын. Есмағамбет Айманбаев сықылды Алаш зиялыларымен бірге «Айқаптың» шығарушы-редакторы Мұхамеджан Сералин секілді патриоттар бұл деректерді біліп, оқыды. Олар ғылым мен білімнен артта қалып қойғанымызды сезінген сәтте өзегін өрт шалып, «Ай, қап!» деп бармағын тістеді, санын соқты, ұяттан өртене жаздап, арына қамшы басты. Осы ұлты үшін ұялған намыс, ұлт ұрпағының алдындағы ар мен ұждан «Өкінгеннен нақты іске бекінген жөн» деген байламға келіп, 1911 жылдың қаңтарынан бастап апта сайын бір басылымнан жариялап отырды.

«Айқап» журналының ұйымдастырушысы әрі редакторы демократ жазушы Мұхамеджан Сералин болды. Мұхамеджан Сералин журналдың төңірегіне өзімен ниеттес көрнекті ақын-жазушыларды, қоғам қайраткерлерін топтастырды. Журналдың хатшысы қызметін 1911-1912 жылдары Әкірәм Ғалимов, ал 1913-1914 жылдары Сұлтанмахмұт Торайғыров атқарды. Сондай-ақ әр уақытта тұрақты тілші-авторлар ретінде: Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Сәбит Дөнентаев, Спандияр Көбеев және басқа да ақын-жазушылар белсене қатысты. Журнал көтерген басты тақырып – қоғамдық-экономикалық мәселелер, әйел теңдігі мен олардың құқықтары, жер мен дін, қазақтың тұрмыс жағдайын жақсарту, оқу-ағарту, қазақ әдебиеті мен тілін дамыту және ең бастысы –  ұлттық сананы ояту еді.

Сырттай қарағанда, М. Сералин патша әкімшілігі белгілеген бағдарламаны ұстанғанымен іс жүзінде журнал бетінде көтерілетін мәселелердің шеңберін айтарлықтай кеңейтті. Ол ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы мен экономика, құқық, тарих және мәдениет салаларын қамтитын бірнеше тұрақты ашты. Мұхамеджан Сералин экономика мен мәдениет жағынан артта қалған елді оятуда баспасөздің ерекше күшті құрал екенін жақсы түсінді. Оның бұл көзқарасы «Айқаптың» бірінші нөмірінде жарияланған бас мақаласында айқын көрініс тапты: «Газет һәм журнал –  халық үшін пайдалы екендігіне бұл заманда шек етуші жоқ. Халықтың қай дәрежеде алға кеткендігі халық арасында таралған газет, журнал һәм кітаптардан білінеді». Ол бұл басылымды атақ пен байлық үшін емес, тек халыққа пайда келтіру үшін қолға алғанын баса мәлімдеді.

«Айқап» журналы Ресейдегі революциялық қозғалыстың өрлеген жылдарында шықса да патшалық цензураның қатаң бақылауы салдарынан толқулар туралы ашық жаза алмады. Алайда еңбекші бұқараның самодержавиеге және бай-манаптардың озбырлығына деген наразылығын көрсететін материалдар тұрақты түрде жарияланып отырды. Мәселен, Хабибулла Лекеровтің «Болыс пенен Шотан» әңгімесіндегі болыс пен Шотан құлдың диалогы арқылы қанаушылардың бетпердесі ашылды: Шотан егін егуді, қала салуды, бас бостандығын аңсаса, болыс ескі феодалдық өмірді сақтап қалуды көздеді. Сондай-ақ Сералин 1867-1868 жылдардағы реформалар кезінде патша үкіметі тек үстем таппен ғана санасқанын сынап, Шоқан Уәлихановтың халық судьяларының тиімсіздігін айтып генерал-губернаторға жазған запискасын ерекше атап өтті. Революциялық кезеңнің басты талаптарының бірі – әйелдердің теңқұқықтылығы мәселесі де журналдың назарынан тыс қалмады. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Ауырмай есімнен жаңылғаным» очеркінде еріксіз некеге көндірілген жесір әйелдің зары өлеңмен берілсе, Өскемен уезінде ескі әдет-ғұрыптарды жою мақсатында өткен жиналыстар ашық жазылып, әйел теңдігі қоғам алдында жаңаша көтерілді.

ХХ ғасырдың бас кезіндегі ең өткір мәселе – жер мәселесі еді. М. Сералиннің «Қазақ халқының мұқтаждығы» атты мақаласы арқылы бұл тақырып кеңінен талқыланды. Патша үкіметінің қоныс аудару саясаты қазақ сахарасындағы жерлерді мұжықтарға тартып әперіп жатқан кезде, автор: «Енді не қыламыз, қалай күн көреміз?» –  деген заңды сұрақ қойды. Ол мал бағып, көшпелі күнелту заманы өткенін, ендігі басты міндет тезірек отырықшыланып, қала салу және егіншілікпен айналысу екенін баса айтты. Отырықшылыққа көшу арқылы мектеп, медресе ашып, балаларды оқытуға жол ашылатынын түсіндірді.

Сол тұста «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналы арасында көзқарастар қайшылығы орын алды. «Қазақ» газеті «қала салсақ, діннен безіп, шоқынды боламыз» деген қауіп таратса, «Айқап» бұл қарсылықтың артында байлар мен шенеуніктердің өз мүддесін көздеп тұрғанын әшкереледі. Өйткені қала салынса, әкімдер мен малды байлар кедейлердің жерін тегін пайдаланудан және артықшылықтарынан айырылып қалар еді. Сондықтан «Айқап» отырықшылыққа кедейлердің мүддесі тұрғысынан қарады.

Бұдан бөлек, журнал кедейлерге байларға тәуелді болмау үшін өзара жәрдемдесу серіктіктерін, атап айтқанда, несие және қарыз беру серіктіктерін ашуды насихаттады. Сабыржан Ғаббасовтың Жетісудағы кооперативтер туралы мақалалары мен Ақтөбе, Қызылжар уездеріндегі «Уақ борыш жамиғаттары» осының айқын дәлелі болды. Бұл шаралар еңбекші халықтың тұрмысын жақсартудың төте жолы ретінде көрсетілді.

Журнал жас буынды тәрбиелеу мен ағарту ісіне де ерекше мән берді. М. Сералин 50-60 үй бір жерге жиналып, отырықшы болып отырса, бала оқыту, мектеп ашу оңай болатынын алға тартты. Сұлтанмахмұт Торайғыров мектептердегі кемшіліктерді сынға алып, балаларға эстетикалық тәрбие беру, өлең айтуды үйрету қажеттігін көтерді. Семейде 1914 жылы Абайдың 10 жылдығына арналған Нәзипа Құлжанова ұйымдастырған әдебиет кеші сияқты шаралар халық арасында ағарту ошақтарының негізін қалады.

«Айқап» қазақ тілі мен әдебиетінің қоғамдағы рөлін жоғары бағалады: «Тіл, әдебиет –  бір ұлттың жаны мен рухы. Әдебиеті болмаған ұлт – тілі шықпаған жас бала сияқты». Журнал оқырмандарын орыс классиктерінің Пушкин, Лермонтов, Толстой және шығыс әдебиетінің мұраларымен таныстырды. Ыбырай мен Абайдың ағартушылық жолын қуған, Сұлтанмахмұт Торайғыров пен Сәкен Сейфуллин сынды жас таланттардың шығармаларын кеңінен насихаттады.

Кейбір кезеңдердегі саяси көзқарастардың толық қалыптаспаған, қайшылықты тұстарын есепке алмағанда, ХХ ғасырдың басында жарық көрген «Айқап» журналының қазақ баспасөзі тарихында алатын орны мен атқарған рөлі ерекше. Журнал, біріншіден, қазақ жастарын кітап, газет оқуға баулып, ана тілінде терең ой түйіп, жазуға үйретсе; екіншіден, қазақ публицистикасы мен журналистикасының жанрларын түп тамырынан қалыптастырып, ұлттық сананы оятудың қуатты құралына айналды. Сонымен қатар басылым сол заманғы өмірдің ең ауыр әлеуметтік-экономикалық түйіндерін – жер мәселесін, отырықшылыққа көшу мен шаруашылықты, әйелдер теңсіздігі мен сауатсыздықты батыл көтеріп, халықтың көзін ашуға өлшеусіз үлес қосты. Қорыта айтқанда, «Айқап» – қараңғы тұманды кезеңде қазақтың бүтін бір ұлт ретінде өз-өзін тануына жол ашқан, ана тіліміздің қадірін асқақтатқан рухани тұғыр және ұлттық баспасөзіміздің алтын діңгегі еді.

Мейрамбек ОСПАНБАЙ,
ҚазҰУ-дың 1-курс студенті
Ғылыми жетекші- филол.ғ.к., профессор Р.ЖАҚСЫЛЫҚБАЕВА

Әдебиеттер тізімі:

  • ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНІҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ-Х.БЕКХОЖИН алматы-1964 кітап
  • ЖУРНАЛИСТІК ШЕБЕРЛІК ТАҒЛЫМ МЕН САНА ХРЕСТОМАТИЯ- М.САҒАТБЕК
  • ҰЛТТЫҚ САНА ҰЙЫТҚЫСЫ-ҚАЙРАТ САҚ.

Қатысты жаңалықтар

Елде құрылыс саласы қарқын алды

Елде құрылыс саласы қарқын алды

Бүгін, 16:45
Жетісуда сақ қорғандарын ауыр техникамен қазған: Полиция тергеу бастады

Жетісуда сақ қорғандарын ауыр техникамен қазған: Полиция тергеу бастады

Бүгін, 16:04
Жетісуда 5 ауыл табиғи газға қосылды

Жетісуда 5 ауыл табиғи газға қосылды

Бүгін, 15:52
Қазақстанда 200-ден астам адам жәрдемақыдан бас тартты

Қазақстанда 200-ден астам адам жәрдемақыдан бас тартты

Бүгін, 15:47
Талдықорған тұрғыны TikTok-тағы тікелей эфирі үшін айыппұл арқалады

Талдықорған тұрғыны TikTok-тағы тікелей эфирі үшін айыппұл арқалады

Бүгін, 15:43

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.