Талдықорған: +3°C
$ 452.12
€ 508.95
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық технология мен жасанды интеллектіні қолдануға шақырды

Бүгін, 17:30
ЖАҢАЛЫҚТАР, КҮНДЕРЕК
Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық технология мен жасанды интеллектіні қолдануға шақырды
WhatsAppTelegramFacebook

Армения астанасы Ереван қаласында өтіп жатқан COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды халықаралық бастамалар көтерді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Ауқымды экологиялық форумда Мемлекет басшысы табиғи экожүйелерді қорғау мен биоалуантүрлілікті сақтау ісінде заманауи инновациялардың роліне ерекше тоқталды. Мемлекет басшысы цифрлық трансформация мен жасанды интеллект әдістері табиғи ресурстарды тиімді басқарудың негізгі кілтіне айналғанын атап өтті.

Жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Бүгінде тиімді серіктестік цифрлық технология мен жасанды интеллектіге арқа сүйеуі қажет. Себебі олар экожүйелерді мониторингтеу, табиғи ресурсарды басқару және экологиялық қауіп-қатерді болжау әдістерін түбегейлі өзгерте алады. Қазақстан үшін жасанды интеллектіні дамыту және цифрлық трансформация – ұлттық басымдық. Астанадағы Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығын бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, биоалуантүрлілік деректерін талдау, алдын ала ескерту жүйелерін әзірлеу, сала мамандарын даярлау платформасы ретінде пайдалануды ұсынамыз», – деді.

Сондай-ақ Президент аймақтық экологиялық ынтымақтастықты арттыру мақсатында Биоалуантүрлілік жөніндегі конвенция Хатшылығының өңірлік кеңсесін Алматы қаласында орналастыруды ұсынды. Мемлекет басшысының пікірінше, мұндай орталық Орталық Азия елдеріне биоалуантүрлілік жөніндегі Куньмин-Монреаль жаһандық негіздемелік бағдарламасын тиімді жүзеге асыруға көмектеседі. Сонымен бірге ғылыми тәжірибе алмасу мен ортақ жобаларды жүргізуге берік серпін береді.

Саммит алаңында Мемлекет басшысы бірқатар маңызды халықаралық кездесулер де өткізді. Мемлекет басшысы ЮНЕСКО Бас директоры Халед Әл-Ананимен жүздесіп, білім беру, ғылым және мәдениет саласындағы әріптестік келешегін талқылады. Ал Еуропалық комиссияның атқарушы вице-төрағасы Тереза Риберамен әңгімелесу барысында Қазақстан мен Еуропалық одақтың орнықты даму, энергетика мен қоршаған ортаны қорғау бағытындағы серіктестігі сөз болды.

Бұл халықаралық бастамалар мен ұсыныстар Жетісу өңірі сияқты эко-бағыты жоғары аймақтарға да тікелей оң ықпал етеді. Аймақтағы Алакөл, Балқаш көлдерінің бассейнін табиғи мониторингтеу, Іле-Алатауы мен Жоңғар Алатауы бөктеріндегі сирек фауна мен флораны сақтауда жасанды интеллект жүйелерін қолдану өңір экологиясын жаңа белеске көтереді. Жасыл технологиялар мен ғылыми орталықтардың жұмысы еліміздің тұрақты дамуының кепілі.

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық технология мен жасанды интеллектіні қолдануға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық технология мен жасанды интеллектіні қолдануға шақырды

Бүгін, 17:30
Жасанды интеллект – жаңа мүмкіндік

Жасанды интеллект – жаңа мүмкіндік

Бүгін, 17:28
Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау бойынша халықаралық қор құруды ұсынды

Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау бойынша халықаралық қор құруды ұсынды

Бүгін, 17:25
Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 саммитінде сөз сөйледі

Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 саммитінде сөз сөйледі

Бүгін, 17:22
Елде құрылыс саласы қарқын алды

Елде құрылыс саласы қарқын алды

Бүгін, 16:45

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.