Жетісу облысында наубайханада шыққан өрт сөндірілді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
19 қазанға қараған түні Талдықорған қаласындағы Желтоқсан көшесінде орналасқан наубайхананың шатыры өртенген.
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, 78 шаршы метр аумақтағы өртті қысқа уақыт ішінде сөндірген.
«Оқиға салдарынан наубайхананың 1986 жылы туған қызметкерінің қолын жеңіл күйік шалды. Зардап шеккен азамат медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді», – деп жазылған хабарламада.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram





