Талдықорған: +5°C
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

«Жетісудың» маусымдағы алғашқы жеңілісі

Бүгін, 11:16
АЛТЫН ТҰҒЫР
«Жетісудың» маусымдағы алғашқы жеңілісі

7-su.kz / Serik Kantayev

WhatsAppTelegramFacebook

«Жетісу» волейбол клубы Талдықорғанда 3-тур аясында «Қуаныш» (Солтүстік Қазақстан облысы) командасымен кездесті. Екі күннің қорытындысы бойынша жалпы есеп – 1:1. Бірінші күні талдықорғандықтар 3:0 (25:23, 25:19, 25:18) есебімен жеңсе, келесі күні өткен тартысты ойында теріскейлік арулардан 2:3 (5:25, 24:26, 25:22, 25:14, 14:16) нәтижесімен жеңілді. Ойындарды Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев арнайы келіп көріп, командаға қолдау білдірді. «Жетісу» командасы келесі ойынын 14-15 қараша күндері Талдықорғанда «Берел» (Шығыс Қазақстан облысы) командасымен ойнайды.

Өткен маусымда соңғы турда ғана жеңілген «Жетісу» осы жолы 3-турда сүрінді. Алғашқы доптан-ақ абдырап қалған команда, екі сетте қарсыласына жол берді. Одан кейінгі партияларды өз есебіне шешіп, шешуші бесінші кезеңде сәттілік жетпеді.

– Бірінші кезекте «Қуаныш» командасын лайықты жеңіспен құттықтаймын. Біз ойынға толыққанды кіре алмадық. Бірінші күндегі жеңістің әсері де шығар, босаңсып кеттік. Әсіресе, бірінші сетте допты ойынға қосу барысында қарсыластарымыз бізді тығырыққа тіреді. Қуанатыным, біз 0:2 жеңіліп жатып, ойынды қайтару үшін волейболшыларымыз жанкешті қимылдады. Соңғы сеттегі шиеленіске толы ойында сәттілік жетпеді. Жалпы есеп – 1:1. Тоқтап қамаймыз, қателіктерден қорытынды шығарып, алға жүреміз, – дейді «Жетісу» командасының бас бапкері Марко Гршич.

«Жетісу» сапынан ерекше ойын көрсетіп, сын сәтте жауапкершілікті өзіне алған команданың байланыстырушысы Елизавета Мейстер турдың «Үздік ойыншысы» атанды. «Қуанышпен» болған екінші ойындағы нәтижелі ойыншы – Татьяна Никитина. Ол 17 ұпай (14 шабуыл, 3 эйс) жинады. Жалпы командалардың статистикасына көз жүгірстек.

Шабуыл:

«Жетісу» – 38%, «Қуаныш» – 37%.

Эйс:

«Жетісу» – 6, «Қуаныш» – 9.

Тосқауыл:

«Жетісу» – 12, «Қуаныш» – 14.

«Жетісу-Ақпарат»

Қатысты жаңалықтар

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

Бүгін, 18:05
Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Бүгін, 17:01
Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Бүгін, 16:03
Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Бүгін, 15:10
Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Бүгін, 15:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.