Талдықорған: +10°C
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Бүгін, 15:10
КҮНДЕРЕК
Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebook

Өңірде көлік инфрақұрылымын жақсарту және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы ауқымды жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақта тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары жергілікті билік назарынан тыс қалмайтыны айқын көрініс табуда. Мәселен, азаматтармен өткен кездесулерде көтерілген өзекті сұрақтардың бірі – «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолын жөндеу науқаны толығымен аяқталды. Қазіргі уақытта аталған бағыттағы жолға заманауи талаптарға сай сапалы асфальт төселіп, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ биыл көктемде қолданысқа берілген «Қабанбай – Лепсі» автожолы да толық қалпына келтіріліп, ел игілігіне ұсынылды. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев Алакөл ауданының тұрғындарымен кездесу барысында кеңінен атап өтті.

Өңір басшысы азаматтармен өткен маңызды жиында берілген уәделердің өз уақытында орындалып жатқанын жеткізді. Мемлекет тарапынан бөлінген қаржы мен жүйелі жоспарлаудың арқасында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолының жөнделуі жергілікті тұрғындардың қатынасын жеңілдетіп, аймақтың логистикалық әлеуетін арттырады. Сонымен қатар «Бескөл – Жайпақ» автожолы мен Арқарлы ауылына апаратын жолдарды жөндеуге арналған келісімшарттар жасалып, мердігер ұйымдар анықталды. Бұл бағыттағы құрылыс жұмыстары келесі жылы қарқынды түрде жалғасады. Жалпы, ағымдағы жылы Үшарал қаласы мен Ынталы, Тоқжайлау, Көлбай, Бескөл, Қабанбай елді мекендерінің 5 көшесі орташа жөндеуден өтіп, инфрақұрылым сапасы жақсарды.

Жергілікті тұрғындар да атқарылған ауқымды істерге оң бағасын беріп жатыр. Тоқжайлау ауылының тұрғыны, ардагерлер кеңесінің төрағасы Перизат Арчабаев:

«Үшарал қаласында өткен тұрғындармен кездесуде ауылдастарымыздың атынан Қабанбайдан Тоқжайлау ауылына дейінгі жолды жөндеу мәселесін көтерген едім. Сол кезде облыс әкімі бұл мәселені шешуге уәде берді. Нәтижесінде уәде орындалып, қазір жол жөнделді. Бұрын жаңбыр жауса, жол лайсаң болатын. Балалардың мектепке қатынауы қиын еді, өзімізге де қолайсыз болатын. Жол бойында қызмет көрсететін дәмханалар да бар. Енді жақсы жолмен туристер оларға да жиі аялдай алады. Бұл – ауыл экономикасына қосылған үлес деп білеміз», – деді.

Өңірдегі жол сапасының жақсаруы шағын және орта бизнестің дамуына, ауыл экономикасының көтерілуіне тікелей ықпал етеді. Сонымен бірге «Алматы – Өскемен – Арқарлы» республикалық автожолынан Еңбекші ауылына дейінгі ұзындығы 9,9 км кірме жолға орташа жөндеу жүргізіліп, толық пайдалануға берілді. Жалпы алғанда, соңғы 3-4 жыл ішінде Алакөл ауданында облыстық маңызы бар 31 шақырым жол және 21 елді мекендегі 57 шақырымнан астам 60 көше жөнделді. Сонымен қатар 19 ауылда көшелерді жарықтандыру жүйесі орнатылып, халықтың тұрмыс сапасы артты.

Қатысты жаңалықтар

Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Бүгін, 15:10
Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Бүгін, 15:00
Алакөл қорығында «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды

Алакөл қорығында «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды

Бүгін, 14:00
Рекордтық өнім: Диқандар 24,3 млн тонна астық жинады

Рекордтық өнім: Диқандар 24,3 млн тонна астық жинады

Бүгін, 13:30
Жаркент мешіті Бүкіләлемдік мұра тізіміне ұсынылды

Жаркент мешіті Бүкіләлемдік мұра тізіміне ұсынылды

Бүгін, 13:02

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.