«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Алакөл мемлекеттік табиғи қорығында «Таза бейсенбі» іс-шарасы өтті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Экологиялық бастама барысында қорық ұжымы мен қызметкерлері арнайы жұмылдырылып, мекеме ғимаратының айналасы мен іргелес аумақтарды қоқыстан, жапырақтар мен құрғақ шөптерден толықтай тазартты. Шараның басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру және өңірдегі экологиялық ахуалды жақсарту. Мұндай игі істер әрбір тұрғынның туған жерге деген жанашырлығын арттырып, тазалықты сақтауға үндейді. Алакөл өңірінің табиғи байлығын қорғау мен оның экосистемасын сақтау мемлекет пен қоғамның басты назарында тұр.
Тұрақты түрде ұйымдастырылатын сенбіліктер мен эко-акциялар азаматтардың экологиялық санасын жаңартуға айтарлықтай үлес қосуда. Қоршаған ортаны қорғау ісі тек бір күндік шара емес, күнделікті әдетке айналуы тиіс. Өңірдегі табиғи қорықтар мен орман шаруашылығы мекемелері жастарды табиғатты сүюге баулитын осындай тәрбиелік шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді. Тазалықты сақтау арқылы туған өлкеміздің флорасы мен фаунасына қамқорлық жасалып, келешек ұрпаққа таза экологиялық орта мұра етіп қалдырылады.





