Талдықорған: +12°C
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Шетелдік делегация «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының цифрлық шешімдерімен танысты

Бүгін, 12:38
КҮНДЕРЕК
Шетелдік делегация «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының цифрлық шешімдерімен танысты
WhatsAppTelegramFacebook

Балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған цифрлық құралдарды қолдану бойынша қазақстандық тәжірибе шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қызығушылығын тудырды. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының 111 байланыс орталығына Финляндия, Жапония, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің Бала құқықтары жөніндегі уәкілдері, сондай-ақ БҰҰ мен ЮНИСЕФ өкілдерінен құралған халықаралық делегация келді. Іс-шара ҚР Құрылтайының вице-спикері Динара Закиеваның шақыруымен «Балалар үні: ұлттық стратегиялар және қауіпсіз цифрлық орта» атты ІІ Халықаралық форумы аясында ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында делегация мүшелері байланыс орталығының жұмысын ұйымдастыру, келіп түскен өтініштерді жедел өңдеу және балаларға көмек көрсету тетіктерімен танысты. Әсіресе, балаларға буллинг, зорлық-зомбылық фактілері және өзге де мәселелер туралы хабарлауға мүмкіндік беретін QR-арнаға ерекше назар аударылды. Аталған цифрлық шешім Қазақстанда 2024 жылдың соңында іске қосылып, Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қолдауымен еліміздегі барлық білім беру ұйымдарына енгізілді.

Айта кетейік, QR-кодты сканерлеу арқылы бала арнайы чатқа өтіп, өз жағдайын баяндап, мамандардан жедел көмек ала алады. Оның ішінде психологиялық және құқықтық қолдау да қарастырылған. Егер келіп түскен ақпарат баланың өміріне, денсаулығына немесе қауіпсіздігіне қауіп төніп тұрғанын көрсетсе, мәліметтер тиісті мемлекеттік органдарға, оның ішінде құқық қорғау органдарына жолданады.

2026 жылдың тоғыз айында 111 байланыс орталығына балалардан 51 мыңнан астам өтініш түскен. Оның басым бөлігі, яғни 48 мыңнан астамы QR-арна арқылы қабылданса, 3 мыңнан астамы телефон қоңыраулары арқылы тіркелген.

«111 – отбасы мәселелері, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау бойынша көмек көрсететін байланыс арнасы. Байланыс орталығының қызметі 2023 жылы Мемлекеттік корпорацияға берілді. Содан бері орталық мамандары 552 мыңнан астам өтініш қабылдады. Оның 193 мыңнан астамы тікелей балалардан келіп түскен», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Халықаралық делегация мүшелері 111 байланыс орталығының тәжірибелік маңыздылығын атап өтіп, балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған осындай тетіктерді өз елдерінде енгізу мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасты. Бағдарлама аясында шетелдік қонақтар Мемлекеттік корпорацияның Ахуалдық орталығы мен елордадағы халыққа қызмет көрсету орталығына да барды. Ахуалдық орталықта делегацияға жұмыс процестерін бақылау, деректерді талдау және құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіру мүмкіндіктері таныстырылды. Ал халыққа қызмет көрсету орталығында қонақтар мемлекеттік қызметтерді алу процесін жеңілдетуге бағытталған цифрлық шешімдермен танысты. Осылайша, халықаралық делегация өкілдері заманауи технологиялардың «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы қызметінің түрлі бағыттарында іс жүзінде қалай қолданылып жатқанын көрді.

Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

Қатысты жаңалықтар

Алакөл қорығында «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды

Алакөл қорығында «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды

Бүгін, 14:00
Рекордтық өнім: Диқандар 24,3 млн тонна астық жинады

Рекордтық өнім: Диқандар 24,3 млн тонна астық жинады

Бүгін, 13:30
Жаркент мешіті Бүкіләлемдік мұра тізіміне ұсынылды

Жаркент мешіті Бүкіләлемдік мұра тізіміне ұсынылды

Бүгін, 13:02
Діни тәрбие дәстүрге жат па?

Діни тәрбие дәстүрге жат па?

Бүгін, 12:59
Шетелдік делегация «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының цифрлық шешімдерімен танысты

Шетелдік делегация «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының цифрлық шешімдерімен танысты

Бүгін, 12:38

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.