Талдықорған: +9°C
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қонаевта білім саласының өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін, 15:06
КҮНДЕРЕК
Қонаевта білім саласының өзекті мәселелері талқыланды
WhatsAppTelegramFacebook

Қонаев қаласындағы орта мектеп-гимназиясында Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында республикалық үгіт-насихат тобының мүшелері білім саласының қызметкерлерімен кездесті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Жиынды Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Қайрат Жұманов ашып, кездесудің мақсаты Президент Жолдауының басым бағыттарын түсіндіру және Қазақстан Халық Кеңесінің І сессиясының қорытындыларын талқылау екенін атап өтті.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы білім беру сапасын арттыруға, мектеп инфрақұрылымын дамытуға, инклюзивті білім беруді жетілдіруге және педагогтерге қолайлы еңбек жағдайын жасауға ерекше мән беріп отыр. Сондай-ақ мұғалімдердің артық жүктемесін азайту, қағазбастылықты қысқарту, ұстаздардың беделін қорғау және білім беру жүйесіне заманауи технологияларды енгізу міндеттері белгіленген.

Алғашқы болып сөз алған Қазақстан Республикасы Құрылтайының І шақырылымының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Ләззат Жылқыбаева білім саласындағы өзекті мәселелерге тоқталды.

Оның сөзінше, мұғалім мәртебесін көтеру мен педагогтердің жүктемесін азайтуға қоғам болып көңіл бөлу қажет. Әсіресе цифрлық платформалардың көбеюі ұстаздардың жұмысын жеңілдетудің орнына, кей жағдайда қосымша міндеттер жүктеп отыр.

 – «Мемлекет басшысы кезекті Жолдауында ұстаз мәртебесін көтеру мәселесіне айрықша тоқталды. Бұл – тұтас қоғам алдындағы міндет. Ал екінші мәселе – ұстаздар жүктемесін азайту. Бүгінде білім беру саласындағы цифрлық платформалардың көбеюі жүктемені арттырып жіберді. Сондықтан кей мәселелерді қайта зерделеу қажет. Бүгінде ерекше балаларға білім беруді тек мектепке міндеттеп қойдық. Бұл дұрыс емес. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға денсаулық сақтау мен әлеуметтік қорғау мекемелері де қолұшын беруі қажет», – деді Ләззат Жылқыбаева.

Сондай-ақ ол мұғалімдердің жеке деректерін қорғау мәселесіне де назар аудару қажеттігін айтты.

Кездесуде Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері, журналист Нұртөре Жүсіп те сөз сөйлеп, білім беру жүйесінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолданудың мүмкіндіктері мен ықтимал тәуекелдеріне тоқталды.

 – «Бүгін білім беруде цифрлық технология мен жасанды интеллектіге басымдық беріле бастады. Бірақ бұл үрдістің кемшіліктері де болуы мүмкін. Өйткені қазіргі жас ұрпақ жасанды интеллектіге тым иек артып кетсе, сыни ойлау мен дербес шешім қабылдау қабілетінен айырылуы мүмкін. Сондықтан ұстаздар арманына адал, елге қызмет ететін ұрпақ тәрбиелеуі керек. Өйткені адам капиталынан асқан байлық жоқ», – деді Нұртөре Жүсіп.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов Жолдаудағы экономиканы дамыту, қаржы нарығын реттеу және инвестиция тарту бағытындағы бастамаларға тоқталды. Сонымен қатар «Халықтық құрылыс» бастамасы аясында әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртуға, жаңа мектептер мен балабақшалар салуға басымдық берілетінін атап өтті. Бұл шаралар үш ауысымды мектептердің санын азайтып, білім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Кездесу соңында білім саласының қызметкерлері үгіт-насихат тобының мүшелеріне инклюзивті білім беру мен мектептерді күрделі жөндеуге қатысты сұрақтар қойып, пікір алмасты.

Қатысты жаңалықтар

«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

Бүгін, 17:55
Өркендеудің өзегі

Өркендеудің өзегі

Бүгін, 17:30
Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Бүгін, 17:25
Бабалардан жеткен бұйым

«Дамумен» дамыған бизнес

Бүгін, 16:32
Анаға арналған миллиардтар: Қазақстанда көпбалалы отбасыларға төлем рекорд жаңартты

77 мың медицина қызметкеріне қосымша төлем беріледі

Бүгін, 16:19

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.